Жоғары сатыдағы немесе ұрықжолдасты аңдар. Қазіргі аңдардың көпшілік түрі осы инфракласқа жатады. Бұларға тән негізгі белгілер: алдыңғы мидың қыртысы жақсы дамыған,тістері жеке топтарға жіктелген, әрі тістері – сүт және тұрақты тістер деп бөлінген. Эмбриональдық дамуы ұрықжолдасының түзілуімен тығыз байланысты, қалта сүйектері болмайды. Жоғары сатыдағы аңдар инфракласының негізгі отрядтары:
1-отряд. Толық емес тістілер.Бұл отряды түрінің саны аз, тек Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Олардын тістері толық жеке топтарға жіктелмеген. Үлкен ми сыңарлары нашар дамыған, иірімдері болмайды. Қазіргі кезде бұлардың 3 тұқымдасының түрлері кездеседі: а) жалқауаңдар; ә) құмырсқажегіштер; б) сауытты аңдар. Олардың түрлері Орталық және Оңтүстік Америкада ғана таралған.