6-отряд. Приматтар (маймылдар). Туыстық жағынан жәндікқоректілерге ұқсас. Олардың 200-дей түрі Азияның, Африканың, Американың тропикалық ормандарында кез-деседі. 2
отряд тармағына бөлінеді; а) жартылай маймылдар; ә) жоғары сатыдағы маймылдар.
а) Жартылай маймылдар (төменгі сатыдағы) отряд тармағына Азияның оңтүстік-шығысында, Индонезия, Мадагаскар аралдарында, Африканың тропикалық ормандарында таралған. 53 түрлі тупайлар, лемурлар, долгопяттар жатады.
ә) Жоғары сатыдағы маймылдардың 140-тан астам түрі белгілі. Көпшілігінің құйрығы болмайды. Басбармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Барлық саусақтарында жалпақ тырнақтары болады. Үлкен ми сыңарларының көлемі үлкен әрі оның сыртында көптеген
иірімдері, сайшалары бар. Кең таралған тұқымдастары – кеңтанаулылар, тартанаулылар, адам-тектес маймылдар, жабысқаққұйрықтылар, ойынпаз маймылдар т.б. Адамтектес маймылдарға – гиббондар, орангутандар, горил-лалар, шимпанзелер жатады. Адамдар тұқымдасы да жоғары сатыдағы маймылдар отряд тармағына жатады.
14-тақырып. Нағыз аңдардың жеке отрядтарына жалпы сипаттама.
Достарыңызбен бөлісу: |