Ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты бо-луын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі.
Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты ар-найы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады .
Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты ар-найы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады .
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі: 1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар ба-лалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппа-раты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары,мінез-құлық және эмоциялықпроблемалары бар балалар.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық,экономикалық,тілдік,мәдениерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындай-тын балалар. Бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармай-тын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не-месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
Психологиялық- педагогикалық қолдау -педагогтар мен мамандардыңжүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалады; ПМПК ҚОРЫТЫНДЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМБЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ ПМПК - психолиялық-медициналық-педагогикалық кенес; 1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау
2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру)
3-кезең. Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерекше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау
мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау
4-кезең. Анықталған білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруды
қамтитын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке
бағдарламасы құрастырылады:
5-кезең. Мониторингпен қолдауды іске асыру
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір маманының жеке-дамытушылық жұмысының басты мақсаты - баланың құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне сәйкес оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Мамандардың міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, соның ішінде қысқартылған (бейімделген) білім беру бағдарламасын меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз ету. Назарларыңызға рақымет!