Түсінік хат.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгертіп тұрған әлемде табысты бейімдеуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық – педогогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екенін дәлелдиді. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, әл – ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлтық даму стратигиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындайды.
Стандарт педогикалық процесті ұйымдастыру ережесін береді, оның қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктерімен қарым қатынасын реттейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен оқытудың мемлекеттік стандартын жасау мен енгізудің обьективті қажеттілігін:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамыту қажеттілігі, мектепке дейінгі білім беру қызметіне балаларды отбасы жағдайында тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуде қол жетілімділікті кеңейту;
Жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру;
Балалардың жас ерекшелігімен жеке мүмкіндіктерін ескере отыра олардың негізгі құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігі;
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациалық тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторларын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |