Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет20/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Негізгі ұғымдар: антеннулалары, антенна, мандибулла, гнатоцефалон, гемолимфа, протоцеребрум, дейтоцеребрум, тритоцеребрум.

Негізгі сұрақтар:

Өзен шаянының аталық және аналық особьтерін қандай белгілерімен ажыратуға болады?

3. Шаянтәрізділердің дене бөлімдері.

4. Шаянтәрізділердің аяақтарының құрылысы және олардың атқаратын қызметі.

5.Өзен шаянының сырткы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілері қандай?

6.Буынаяқтылардың аяқ құрылысы және гомономдық, гетерономдық сигменттердің айырмашылықтары.

7. Шаянтәрізділердің негізгі белгілері.


Өрмекшітәрізділер класының құрылысымен танысу.

Хелицералылардың басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Хелицералылардың денесі - баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 сегментің қосылуынан түзілген, сондай – ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардыі бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған. Екінші жұбы педипальпалар – сезу, қарамалау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы – жүру аяқтары. Хелицералылардың негізгі ерекшелігі – бас қалақшасындағы мұртшасының редукцияға ұшырауы.

Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар.Денелері – баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде баскеуде және құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Аяқтарының алғашқы жұбы – хелицералары қысқарған екі – үш буыннан тұрад, ол тырнақ тәрізді. Денесінің артқы бөлігі – құрсағы сегменттелген. Сольпугаларда және кейбір төменгі сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы аяқтарының сегменттері біріккен, ал баскеуденің қалған 2 сегментіне құрсақ сегменттері жалғасады. Сольпугаларда денесінің алдыңғы бөлігі акрон және 4 сегмент ол – пропельтидий бөлігі және екі бос аяқтары бар кеуде сегменттері мен сегменттелген құрсағы болады. Құршаяндарда да баскеуде біріккен, құрсағы 12 сегментті, ол 7 сегментті жалпақ алдыңғы құрсаққа және жәңішке 5 сегментті артқы құрсаққа бөлінеді. Денесі уы бар, имек инелі тельсонмен аяқталады. Мұндай сегменттелу жалған құршаяндарға, пішеншілерге, кейбір кене түрлеріне тән. Көптеген өрмекшілерде баскеуде ғана емес, құрсағы да буындарға бөлінбеген, бірақ өрмекшілерде олардың арасында қысқа және тар жіңішке мықын болады, олар дененің 7–ші сегментінен пайда болған. Дене сегменттерінің то түрлі:лық бірігіп, тұтасып кетуі кене отрядтарының өкілдерінде байқалады.

Өрмекшітәрізділердің құрсағындағы аяқтары дамымай түрі өзгерген күйінде сақталады. Мысалы, құршаяндардың, жалған құршаяндардың, кейбір өрмекшілердің өкпе қапшықтары, өрмекшілердің өрмек жіптерін бөлетін өрмек сүйелдері де аяқтарының өзгеруінен пайда болған.

Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі кеңейген, күшті бұлшықеттермен қапталған, сұйық асты соруға бейімделген жұтқыншақ пен қарыннан тұрады. Алдыңғы ішеккешырыш бөлетін жұп сілекей бездері ашылады. Өрмекші қоректі ішектен тыс қорытады. Ортаңғы ішек асты сіңіруге көмектеседі.

Зәр шығару жүйесіне Мальпигий түтікшелері коксальды бездер жатады. Мальпигий түтікшелері ортаңғы ішектен пайда болып, ортаңғы және артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы тұйықталып екінші жағыменас қорыту жолына ашылады. Түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа кұрғақ кристалл түрінде шығарылады. Коксальды бездер баскеуденің 2–ші сегментінде орналасқан жұп қапшық тәрізді.

Тыныс алу жүйесі әртүрлі: не жапырақтәрізді өкпелері, не трахеялары, не не өкпелері мен кеңірдектері кездеседі. Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы өрмекшітәрізділер тыныс алады. Сольпугалардың , пішеншілердің, жалған құршаяндардың, кейбір кенелердің тыныс алу мүшесі – трахеялар. Өрмекшілер отрядының өкілдерінде тыныс алу мүшелерінің екеуі де кездеседі.

Қан айналу жүйесі ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның бүйір жағында 7 жұп саңылаулары бар. Өрмекшілерде жүрегі қысқарған 3-4 жұп остиялары ғана болады, пішеншілерде 1-2, кенелерде 1, ал кенелердің көпшілігінде өте ұсақ болуына байланысты жүрегі тіпті жойылып кеткен.

Нерв жүйесі миы екі бөлімнен тұрады: алдыңғы – протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды), ал дейтоцеребрум барлық хелицералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ.

Сезім мүшелері жақсы жетілген және әртүрлі. Өрмекшілердің педипальпаларындағы түктерімеханикалық әсерлерді қабылдайд, ал химиялық өзгерістерді сезетін және иіс сезу қызметін атқаратын лира тәрізді мүшелері кутикулада шағын саңылау түрінде орналасқан Көздері қарапайым, баскеуденің дорзальды жағында әдетте бірнеше – 12, 8, 6, ал кейде 2 көзі болады.

Жыныс жүйесі дара жыныстылар. Сырттай ұрықтанумен қатар іштей ұрықтануда қалыптасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет