Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет16/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Негізгі ұғымдар: сегменттер, метанефридия, детерминативті, метаморфоз, трохофора, белдеу.

Негізгі сұрақтар:

Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрлысында қандай айырмашылықтар бар?

Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуі немен түсіндіруге болады?.

Буылтық құрттардың денесінің дефференциациясының күрделенуі неде?

Буылтық құрттардың сезім оргындары қалай жетілген?

Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?

Тақырып 10. Буынаяқтылар типі – Arthropoda

Мақсаты: Буынаяқтылар типінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу

Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлері жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділр, өрмекшітәрізділр, көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың бәріне тән белгілері – аяқтары бірнеше буындарға бөлінген. Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы жүреді. Бұлшықеттері көлденең салалы – жолақ тез жиырыла алады. Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, алғашқы даму - проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму - гемиметамарфоз, толық түрлені даму - голометамарфоз, жеткіліксіз даму - гипометамарфоз.

Буынаяқтылар – мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық су қайнарларында, мұздарда, топырақ қабаттарында кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.

Буынаяқтылар типі төрт класс тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар, трилобиттәрізділер, хелицералылар, кеңірдекпен тыныс алушылар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет