Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет12/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Негізгі сұрақтар:

Жануарлар дүниесінде симметрия типтерін ата?

Қандай жануарлардың дене симметиясы сәулелі?

Билатериалды симметриялы жануарларға кімдер жатады?

Acoelomata тобына құрттардың қай типтері жатады?

Coelomata тобына құрттардың қай типтері жатады?

Жалпақ құрттардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Жалпақ құрттар екі жақты симметрилы, үщ қабатты жануарлар. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа – құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес). Жалпақ құрттардың негізі ерекшелігі тері бұлшықет қапшығының болуында. Бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып (сақина тәріздес, ұзына бойы, қиғаш) эпителий астында жануарлардың денесін қаптайды. Жалпақ құрттар дың бәрі қуыссыз, паренхималы жануарлар. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып жатады. Ол тірек қызметін атқарады.

Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен және тұйық бітетін ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде (таспа құрттар класы) ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар зәр шығарушы саңылаулармен байланысады.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.

Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің арқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған танысу.бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.

Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады:

1. Кірпікшелі құрттар (Turbellaria)

2. Сорғыш құрттар (Trematoda)

3. Таспа құрттар (Cestoda)

4. Моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea)

5. Цестодатәрізділер (Cestodaria).

Кірпікшелі құрттар класы – Turbellaria

Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы суда мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді. Кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады. Денелері түссіз. Турбелляридің тері қабаттарында тері бездері болады. Солардың бірі рабдитті клеткалар. Олар дене бетінде перпендикуляр жатады, суда ісініп, дене бетінде кілегейдің шоғырын түзіп, қорғаныш қызметін атқарады. Турбелляридің қозағылысы бір жағынан - кірпікшелердің соғуы, екінші жағынан - тері бұлшықет қапшығының қысқаруы арқылы жүреді.

Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен және тұйық бітетін ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ. Ауызы қоректі жұтумен қатар, қорытылмаған заттарды шығарады. Олар іртүрлі ұсақ жәндіктерді қорек етеді. Ауызы құрсағында орналасқан. Турбелляри класында ортаңғы ішек әртүрлі, ұсақ түрлерінде ол қапшық пішіндес, ал ірі түрлерінде ішек тарамдалған.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы. Теңіз турбелляриінде ерекше зәр шығаратын

мүшесі жоқ, оларда қажетсіз зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару қызметін паренхимадағы қозғалғыш клеткалар – амебоциттер атқарады.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.

Сезім мүшелері жақсы дамыған. Бұл жерде терінің және қармалауыштарының маңызы зор. Сыртқы ортаның механикалық және химиялық қоздырғыштары терідегі ұзын, қозғалмайтын кірпікшелерге әсер етеді, ал олар бас ганглияларымен байланысты нерв клеткаларымен жалғасып жатады.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Ең негізгі күрделенуі – жыныс клеткаларын сыртқа шығару жолдарының құрылуы. Көп тарамды ішекті турбелляриде жұмыртқадан мюллер личинкасы шығады. Басқа турбеллярилер личинкасыз дамиды.

Сорғыш құрттар класы – Trematoda

Бұл класс өкілдерінің барлығы паразиттер. Дене формасы жапырақ тәрізді. Класстың ерекшелігі сорғыштарының болуында. Денесінің алдыңғы және артқы жақтарында ауыз және құрсақ сорғыштары бар. Олар бекіну мүшелері. Трематодтардың жамылғысы - тегумент.

Ас қорыту жүйесі – ортаңғы ішек екі тарамды, ал ірі трематодтарда көп тарамды, осы тарамдар қорытылған асты парехималық денесіне таралуын оңайлатады.

Зәр шығару жүйесі – протонефридиялы.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.

Нерв жүйесі жұп ми ганглиясынан тұрады.

Сезім мүшелері нашар дамыған.

Жыныс жүйесі гермафродитті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет