Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет14/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Негізгі ұғымдар: протонефридия, гермафродит, эпителий, амебоцит, Мюллер, тегумент, паразит.

Негізгі сұрақтар:

Жалпақ құрттардың негізгі сипаттамалары неде?

2. Жалпақ құрттарды ішек қуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болады?

3. Кірпікшелі құрттардың зәр шығару, тыныс алу, қан айналу жүйесі.

Сорғыштар мен турбелляриялардың қандай ұқсастықтары бар?

Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?

Таспа құрттар мен сорғыштардың ұқсастықтары неде?
Тақырып 8. Жұмыр құрттар типі – Nemathelminthes

Мақсаты: Жұмыр құрттардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктермен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұл құрттардың басты ерекшелігі ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немемесе схизоцель деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген, зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған, нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым.

Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:

1. Нағыз жұмыр құрттар

2. Құрсақ кірпікшелілер

3. Киноринхалар

4. Түкті құрттар

5. Коловраткалар

Нематодтар өте кең таралған топ. Грек тілінде «nematos» - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі. Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған. Кутикула денені механикалық жарақаттанудан және улы заттардың әсерінен қорғайды. Нематодтардың денесі арқа- құрсақ бұлшықеттерінің қарама – қарсы кезектесе жиырылуының нәтижесінде дорзо-вентральды бағытта ғана иіле алады, құрт оң және сол бүйірімен қоғалады.

Ас қорыту жүйесі ұзына бойы созылған түтік тәрізді алдыңғы ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі ерекше өсінділер – еріндермен қоршалған. Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бұлшықетті артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады.

Зәр шығару жүйесі –мойын безі деп аталатын бір клеткалы тер бездері (ренетта) және фагоцитарлы клеткалар.

Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамыма ған. Бүкіл денесімен тыныс алады.

Топырақта және паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу қозғалысына байланысты нематодтардың сезім мүшелері нашар дамыған. Тітіркенуді қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар: тері сезу (тангорецепторлар), химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін (фоторецепторлар). Бірінші топ –қылтаншалар, папиллалар, бурсальды қанаттар, екінші – амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар, үшінші –жарық сезгіш клеткалар.

Нерв жүйесі ортогонды.

Жыныс жүйесі дара жыныстылар. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына қайырылып келген. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы. Ұзындығы 20-40 см, өмір сүру ұзақтығы бір жылға жуық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет