Губкалар типі-Spongia немесе Porifera
Губкалар тұщы суларда басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсті- балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.
Губкалардың денесі сырқы дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат ортналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты- парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сырқы ортамен оскулум деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет- денесінде көптеген саңылауларының болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Pоrіfera- ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сырқа шығады.
Губкалардың сырқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған. Олар эпителидің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сырқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары да дамыған. Әрбір пороцит клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер губкалардың денесінде көптеген саңылаулары ашылып жабылуына себеп болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы клеткалардан құралған. Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін қамтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталған қорек заттарды мезоглеядағы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді. Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар кездеседі. Колленциттер- жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары - әртүрлі инелерді дамытып губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары- еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтежиесінде губкалардың клеткаларының біріне-бірі айеалатындығы анықталған. Мысалы, хоаноцит клеткалары талшығын жойып амебоциттерге айналады, ал өз кезегінде амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Мұның барлығы губкалар құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді. Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған. Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы клеткаларының орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, олардың морфологиялық құрылысы жағынан-аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым құрылысты –аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады. Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Лейкон мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген бірінші, екінші ретті камералар орналасады. Губкалар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Бүршіктің құрылысы губканың құрылысына ұқсас. Жынысты көбеюінде аталық гаметалар мезоглея қабатынан саңылаулар жүйелері арқылы парагастраль қуысына түсіп, одан судың ағынымен оскулум тесігі арқылы сырқы су ортасына шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырыды. Ұрықтанған жұмырқаларының толық және біркелкі радиальді бөлшектенудің нәтежиесінде бір қабатты ұрық - бластула түзіледі. Оның қабырғасы біртекті талшықты клеткалардан құралған. Осындай құрылысты-целобластула деп атайды. Целобластуланың қабырғасының кейбір клеткалары талшықтарын жойып, оның қуысына өте бастайды да біртіндеп бластоцель қуысы борпылдақ орналасқан клеткалармен толады. Осы күйінде целобластула паренхимула деп аталатын личинкаға айналады. Губкалардың систематикасы қаңқасының құрылысы мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті-Calcarea немесе calcispongia,шынылы-Hyalospongia және кәдімгі губкалар-Demospongia.
Достарыңызбен бөлісу: |