Лекция Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңдық жауапкершілік



бет1/5
Дата06.12.2022
өлшемі35,42 Kb.
#161605
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
апта пред права 14


Апта

Тақырып

Тапсырмаларды орындау мерзімі

14 Апта
№ 7 Лекция

Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңдық жауапкершілік


Тапсырма


Практикалық тапсырманы орындау:

  1. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңдық жауапкершілік бойынша кестесін толтырыңыз.


  2. Жауапкершіліктің түрлер

    Баптардың мазмұны (тек қана баптын № және баптын атауы)

    Нормативтік құқықтық актінін атауы

    Әкімшілік жауапкершілік







    Азаматтық жауапкершілік







    Тәртіптік жауапкершілік







    Материалдық жауапкершілік







    Қылмыстық жауапкершілік






    Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі N 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі N 226-V Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы No 268-XIII, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы N 414-V ЗРК қолдана отырып «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды жауапкершілік» тақырыбы бойынша глоссарий құрастырыңыз (20 - 30 термин).

1.Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
2.Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
3.Эксгумация - Қайтыс болуының себебін анықтау немесе мәйіттің ұқсастығына көз жеткізу мақсатымен, жерленген мәйітті көмілген орнынан аршып алу. Мақсатын көрсете отырып (қайтыс болушының жеке басын анықтау, қосымша немесе қайталама сараптама өткізу үшін) тергеушінің қаулысы (немесе соттың ұйғарымы) бойынша жүзеге асырылады.
4.Куәландыру-адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктінің, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін.
5.Кепіл, кепілзат – азаматтық құқықта: міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру тәсілі; несиегердің қамсыздандырылған кепілмен қанағат табу құқығы.
6.Жауап алу (ағылш. questioning, interrogation; examination) Қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде - аталмыш іс жағдайлары үшін маңызды болып табылатын ауызша мәліметтерді (көрсетулерді) алу гүрінде көрінетін тергеу және сот амалдары. Дәлелдерді алу тәсілі. Заң жауап алу барысында күш, қоқанлоқы және басқа заңға қарсы әрекеттерді қолдану ғатыйым салады.
7.Кепілдікті жарна - кепіл пұл — тапсырыс ақысы жалпы сомасының клиент бастапқыда төлеген бір бөлігі, ол тапсырыстың орындалуы барысында одан ықтимал бас тартудың алдын алуға тиіс.
8.Тінту – үй-жайды, қора-қопсыны не біреудің меншігіндегі жерді еріксіз түрде қарап, тексеру арқылы айғақты заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.
9.Coт сараптамасы — шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу.
10.Өтемақы - жеке адамға, азаматтың мүлкіне немесе беделіне келтірілген зиянның, сондай-ақ заңды тұлғаның мүлкіне және беделіне келтірілген зиянның орнын толтыру.
11.Тергеу - қылмыстық ic жүргізуде — қылмыс жағдайын анықтау үшін дәлелдерді тексеру мен жинау.
12.Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім.
13.Экстрадиция (фр. extradіtіon – беру, табыстау) – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі
14.Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы.
15.Серіктестік — коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны.
16.Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы.
17.Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндеттенетінін көрсететін құжат.
18.Монополия - бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
19.Баға - адамның іс-әрекетінің әлеуметтік құбылыстарына, мінез-құлқына қатынас, олардың маңыздылығын, моральдың белгілі нормалары мен принциптеріне сәйкестігін (құптау мен айыптау, келісу және сынау т.б.) анықтау.
20.Тариф(арабша tarіf – түсіндіру, анықтау) – коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсетуші мемлекеттік мекемелердің фирмаларға және халыққа көрсететін түрлі қызметтері үшін ақы төлеу ставкаларының жүйесі. Тарифке қызметтердің өзіндік құны мен есептік пайда кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет