Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»



бет6/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

Вандалдар. Адрианополь түбіндегі римдіктердің жеңілуі, олардың Рейннің арғы жағынан соңғы жорығы уақытымен тұспа тұс келді. Бұдан кейін олар шекараның батыс бөлігін қорғаумен айналысты. Төменгі Рейннің жағалауларын күзету франутарға жүктелді, оларға Солтүстік Галлияның шеті – Таксандрия берліді, орталық Рейн мен жоғарғы Дунайда кей жерлердегі аламан федератымен бірге көбіне римдік гарнизондар орналасты. 406 жылы Батыс Рим империясының негізгі күштерінің вестготтармен күресін пайдаланып, вандалдар, аландар және квадрат (свевтер) франктер қарсылығын бұзып, Майнц ауданында мықты римдік бекіністерді бұзып Галлияға басып кірді. Вандалдар, аландар, свевтердің келесі бір бөлігі Радагайс бастаған остготтық одаққа қосылып аугсбург жанында Дунайдан өтіп, Норик арқылы Италияға бет алады. 406 жылы Флоренцияға таяу жерде Стилихон Радагайс әскерлерін талқандайды. Осыдан бір жыл өткенненкейін британ легиондары орталық Рейндегі шекараны қалпына келтіреді, бірақ римдіктер Галлиядан варварларды қуып шыға алмайды. Елдің шығыс, орталық және оңтүстік – батыс аудандарын күйзеліске ұшыратып вандалдар, аландар және свевтер 409 жылы Пиренейден асып Испанияға енеді, олар негізінен батыс облыстарына орналасады.
Бұл кезде Римге қауіп тудырған вандалдар болды, олар 416 жылы вестготтардан жеңілген алаңдардың тобымен бірігіп үлкен күшке айналды. Олар орынға тұрақтамай ұдайы жаңа жерлерді тонаумен айналысты. 422- 428 жылдары вандалдар Шығыс Испанияның теңіз жағалаулық қалаларын тонаумен болды. Ондағы тұрған кемелерді басып алды, олар 429 жылы Гейзерихтың бастауымен Африканың Тингис ауданына келіп түсіп, батысқа қарай бет алды.
Ғұндар. Басты африкандық провинциядан римдіктердің айырылуы Италияны астық пен зәйтүн айымен қамтамасыз етуден айырды. Бұл өте ауыр жағдайды тудырды. Жау елдің тылында орналасты. Әйтсе де қауіп империя үшін әлі де солтүстіктен туып отырған еді. 406 жылы шапқыншылықтан кейін империя әскерлері іс жүзінде Рейн – Дунай белдеуін бақылай алмайтын жағдайда еді. Рим гарнизондары Реций және Норик бекіністерінің кейбір бөліктеріне ғана орналасты. Рейн бойын қорғау Герман федератына жүктелсе, енді франктерге ғана емес, бургундтарға, олардан кейін келген вандалдар, орталық Рейннің Вормс ауданыныда, оның кейін аламандар біртіндеп қазіргі Эльзасты иеленді. Ал Паннониде V ғасырдың 20 – жылдарында ғұн тайпалары орнықты.
Ғұндармен Рим 379 жылы вестготтарды қуып келе жатқан Мезияда бетпе – бет кездесті. Осы кезден бастап олар Шығыс Рим империясының Балқандағы провинцияларына жиі – жиі шабуыл жасап тұрды. Жорық нәтижелері әр түрлі болды, аздап Константинополь үкіметі оларға салық – сыйлықтар төлеп тұрды. Алғашқыда ғұндардың Батыс Рим империясымен қатынастары басқаша қалыптасты: ғұн жаладмалары Батыс Рим империясының әскерлерінің едәуір бөлігін құрады. Император резиденциясы оларды Рейндегі Франк, бургунд, бас көтерулерін басуға Галлияның солтүстік – батысыныда орналасқан багауд – шаруалардың Римнен бөліну ниеттерінен айыру үшін күш ретінде пайдаланды.
Екі жыл өткенннен кейін оларға қарасты герман тайпалары көтеріліс жасайды. Алғашқыда гепидтерден, кейін остготтардан жеңіліс тапқан ғұндар державасы ыдырап, олардың қалған бөлігі шығыстан келе жатқан түркі және угор тайпаларымен араласып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет