Байланысты: ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам
Маджапахит мемлекетінің құлауы Индонезиядағы бы- тыраңқылықты күшейтті. XVI ғасырдың басына қарай архипе- лагта бірнеше мемлекет өмір сүріп жатты. Өзара соғыстардың нəтижесінде көрші мемлекеттер біресе бірігіп, біресе қайта тарап кетіп отырды. Саяси жəне экономикалық бытыраңқылық діни жəне мəдени ала-құлалықтың салдарынан онан əрмен шиеленіске түсіп жатты. Мұндай талас-тартыстар, əсіресе явалық индуизмді ығыстырып, оның орнына ислам діні келе бастаған кездегі Явада кең орын алды. Маджапахит құлағаннан кейін Ява өкімет басында мұсылман əулеттері тұрған бірнеше ұсақ феодалдық князьдіктерге бөлініп кетті. Маджапахиттық ақсүйектердің өкілдері Балиге жəне Ява- ның қиыр шығысындағы Баламбангаға қашып барды. Князь- дықтар арасында 1500 ж. құрылған Демак мемлекеті жетекші рөл атқарды. Оның экономикалық негізін теңіз саудасы мен ба- ғынышты облыстардан жиналатын салық қалады. Онда ислам діні үстемдік құрды. Демак Батыс Явадағы Чиребон князьдығы мен Паяжаджаран князьдығының солтүстігіндегі Бантам облысын басып алды. 1527 ж. Сундакелапа порты да басып алынып, оның аты Джайякерта («Жасампаз қорған») деп өзгертілді.
(1626—1949 жж. Батавия деп аталды). Демактың қарамағына Маджапахиттың Явадан басқа жердегі вассалдық аумақтары да кірді (мысалы Калимантанның оңтүстік жағалауы мен Ломбок). Шығыс Суматрада Сиак, Рокан, Кампар, Джамби, Индрагири жəне басқа сұлтанаттар бақталастықта болды. Мұнда ХV—ХVІ ғасырларда ислам діні тарады. Орталық Суматрадағы Минанг- кабау өзінің экономикалық даму жағынан басқа князьдықтардан артта қалып қойды. Оның бір себебі матриархаттық-рулық институттардың сақталуы болды. Мұндай құрылысты XVII— XVIII ғасырларда ғана ене бастаған ислам діні жойды.
ХV—ХVІ ғғ. аралығында Батыс Суматраның теңіз жағалауын- дағы сауда жолының рөлі арта түсті. Осы кезде Малакканың саудадағы бақталасы болған Суматраның солтүстігіндегі Аче сұлтанаты күшейді. Малакка құлағаннан кейін Аче ұзақ жыл- дар бойы португалдық, сонан соң голландық басқыншылармен күрес жүргізді. Балидегі тоғыз князьдықтағы индуизм ислам діні орныққан Явадан қашқан индуистердің есебінен күшейді. Молуккада Тернате мен Тидоре сұлтанаттары күшейді. Солтүстікте Явадан келген ислам мұнда XV ғасырдың аяғына қарай үстем дінге айналды. Явалық саудагерлер ислам дінін Калимантанның оңтүстік жағалауына да таратты. Сулавесиде де алғашқы князьдықтар құрылды. XVI ғасырдың екінші жартысын- да архипелагтың саяси жəне экономикалық өмірінде Оңтүстік- Батыс Сулавесидегі Гова княздігі үлкен рөл атқарды. Оның орталығы қазіргі Макассар ауданында еді. Гованың негізгі табыс көзі көкөністер болды.
1603 ж. ислам Гованың ресми діні деп жа- рияланды. Үндістан, Қытай, Индонезия елдерінің байлығы еуропалық көпестерді қатты қызықтырды. Бірақ бұл елдерге баратын жол алыс та қиын еді. Оны алғаш арабтар, кейінірек парсылар мен гуджараттықтар бақылауында ұстады, ал кейін шығысқа баратын жолды түріктер жауып тастады. Жаңа жол іздеу керек болды. 1498 ж. португалдық Васко да Гама Африканы айналып өтіп, үндістанға жетті. 1511 ж. тамыз айында португалдықтар Малакканы басып алды, ал 1512 ж.
Молуккаға жетіп, ондағы алаауыздықты пайдалана отырып, Тернате мен Тидореде орнығып алды. Малакканы басып алу Португалияның Шығыстағы ауқымды отаршылдық экспан- сиялық жоспарының маңызды бөлігі болды. Қамалдар мен фак- торилер салу, көкөністер мен саудаға монополиясын орнату, сауда пункттері мен жолдарын бақылауды қолға алу көзделді. Малаккада отаршылық билігін орнатып, португалдықтар саудадағы үстемдік үшін жүргізетін күреске қажетті плацдармға ие болды. Португалдықтар зорлықпен католик дінін енгізе баста- ды, көкөністердің бағасын арзандатып отырды. Мұндай шара- лар Индонезия елдерінің экономикасын құлдыратты, ауыл ша- руашылығын ауыр күйзеліске ұшыратты. Индонезиялықтар шет ел басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Ол күрес əсіресе XVI ғасырдың ортасынан бастап 274 275 күшейді. 1546 жəне 1565 жылдары португалдықтарға карсы Ява- дан Молуккаға екі рет жорық жасалды, 1565 ж. Тернатта көтеріліс болды, 1570—1575 жылдардағы көтерілісті Бабуллах сұлтан бас- қарды. Бұл көтерілістер кезінде португалдықтар қуылған жоқ, де- генмен олардың жағдайы қиындай түсті. Португалдық басқыншылардың жағдайын Филиппиныда орнығып алып, Молуккаға таласушы испан конкистадорлары- мен күрес жəне 1578 жылдан бастап Индонезия жаққа ағылшын кемелерінің ағылуы қиындата түсті. Тек қана индонезиялық мемлекеттер арасындағы ала ауыздық пен бірліктің жоқтығы португалдықтардың архипелагта орнығып қала тұруына себеп болды. Португалдықтар бұзған Индонезияның тарихи жəне əлеу- меттік-экономикалық дамуының барысын Нидерландыдан келіп жеткен саудагерлер онан сайын бұрмалап жіберді. Нидерланды Англиямен бірге португалдықтардың негізгі қарсыластары бол- ды.
Хаутман басқарған голландиялық сауда флотының алғашқы кемелері Бантамға 1596 жылғы 23 маусымда келіп жетті. Оларды саудадағы серіктестер ретінде жылы қарсы алды. Бантамдықтар голландтарды португалдықтармен жəне Матараммен күрестегі одақтасы деп қарады. 1602 ж. Біріккен Ост-Индия компаниясы кұрылып, Нидер- ландының Бас Штаттары оған Қайырымды Үміт (Добрая Надежда) мүйісінен Магеллан бұғазына дейінгі елдермен саудадағы монополиялық құқ берді. Компанияның хартиясы бойынша ол Бас Штаттардың атынан келіссөздер, соғыстар жүргізуге, қамалдар тұрғызуға, армия ұстауға, өз қызметкерлерін соттауға құқылы болды. Біраз барлаудан кейін голландтар сауда монополиясын бекітуге, ол монополияны қорғайтын бекіністер салуға кірісті.
1605 ж. ақпанда олар Албондағы португалдар қамалын басып алды, ма- мырда португалдықтарды Тернате аралынан қуып шықты да, 1607 ж. ол аралдың сұлтанымен келісім жасады. Ол келісім бойынша голландтар сұлтанатқа протекторатын орнатты. Жетістіктерін онан əрі дамыта түсу үшін голландтар аумақтық базасын кеңейтуге тырысты. Бантаммен көршілес Якатра (бұрынғы Сундакелапа) князьдықтары арасындағы қырғи қабақтықты пай- далана отырып, Нидерландылық Ост-Индия компаниясының генерал-губернаторы Ян Питерсзон Кун Якатра сұлтанынан біраз артықшылықтар алды. Онда тұрғызылған қамал голландтардың Явадағы берік қорғанына айналды. 1619 ж. наурызда Якатра мекені мен қамалының аты Батавия деп өзгертілді. Ол Нидерландының бүкіл Яваны жаулап алудағы тірегіне, Африкадан Жапонияға дейін созылып жатқан отарлық иеліктерінің орталығына, Индонезиядағы отарлық империяның астанасына айналды. Сөйтіп Индонезияда еуропалық өркениетті азиялық өркениетпен ұштастырған, өмірі қызу қайнаған Шығыстық ірі қалалардың бірі Батавия (қазіргі Джакарта) пайда болып, дами түсті.
1623 ж. голландтар Амбон аралынан ағылшындарды қуып шықты. 1641 ж. Ост-Индия компаниясы Малакканы басып алып, португалдықтардың Индонезиядағы билігіне біржолата нүкте қойды. Индонезия мен Малайзияға португалдықтар келіп, ондағы сауданы өз қолдарына алғаннан кейін Шығыстың саудагерлері өз жолдарын өзгертуге мəжбүр болды. Енді Зондтар бұғазының маңызы арта түсті. Суматраның батыс жағалауы мен Батыс Явада жаңа экономикалық аудандар пайда болды. Бұл аудандар негізінде жаңа орталықтандырылған Бантам сұлтанаты құрылды. 1568 ж. Бантам тəуелсіз мемлекет деп жарияланды да, Суматра мен Явалық жағалаулардағы жерлерді біріктірді.
1580 жылға қарай Батыс Явадағы тағы бір мемлекет Паджаджаран қосып алын- ды. Бантамның əскери флоты мен артиллериясы болды. Шығыс елдерінің саудагерлері Малакка бұғазына соқпай, Суматраның Батыс жағалауымен жүзіп отырып, Бантамға келетін болды, онан əрі Зондтар бұғазынан өтіп, Индонезияның басқа елдеріне жететін. Сұлтанаттың астанасы Бантам порты XVI ғасырдың аяғына қарай Шығыстың ірі сауда орталықтарынан қалыспайтын. Бантамға қытайлық, малайлық, гуджараттық, эфиоптық, мондық, арабтық көпестер ағылып келіп жататын. Оның базарларында батыстан келген бұйымдар мен түрлі өнімдер жергілікті күріш, бал, тұз, мақта, бояу, қорғасын, қалайы, темірге айырбасталатын. Еуропада көкөніске деген сұраныстың өсуі Бантамның шаруашылығында жаңа дақыл — келімдəрі өсіруді кең жолға қойды. Оны өндіру мен сату мемлекет қарамағына алынды. Астанада шет елдік көпестер махаллалары пайда болды; əсіресе қытайлықтар мен малайлықтар көп болды. Бантамдық көпестер алыс жолдың теңіз саудасымен айналыспай, жергілікті өнімдерді (негізінен келімдəрі) сатумен жəне Индонезияның басқа аудандарының өнімдерін алып-сатумен айналысты. Бантам негізінен келімдəрі саудасының орталығына айналды: жылына шамамен 3,5 млн. фунт келімдəрі шетке шығарылып жатты. 276 277 Мұсылмандар əлеміндегі Бантамның маңызын мойындаудың куəсі 1638 ж. Меккеде оның басшысына сұлтан лауазымының берілуі болды. Бантамдық шаруалар салықты келімдəрімен өтеді. Жергілікті басшыларды, ең алдымен аудан əкімін сұлтан тағайындап от- ырды. Олардың мұрагерлікпен пайдаланатын жерлері болмады. Шаруалардың басы бос, ерікті болды, бірақ экономикалық жағынан тəуелді болды. Салық ретінде төленгеннен қалған келімдəріні ша- руалар жергілікті жəне қытай саудагерлеріне сатып отырды. Тауар- ақша қатынасының дамуы қауымдық қатынастардың ыдырауын, жерге жеке меншіктің өсуін жəне шаруалардың бай, кедей болып таптық бөлінуін тездетті.
Тағы бір ірі сауда орталығы Солтүстік Суматрада ірі порт- тары бар Аче сұлтанаты болды. XVI ғасырда ол португалдық Малакканың күшті қарсыласы болды, Малакка жарты аралы мен Суматрадағы үстемдік үшін күресті, сол кездегі мұсылман əлемінің тірегі болған Түркиямен діни жəне əскери байланыста болды. Аче Индонезиядағы ислам дінін таратушы орталықтың бірі болды. Аченің гүлденуі XVII ғасырдың бірінші жартысына жата- ды. Бұл кезде оның егемендігін Суматра мен Малайяның батыс князьдықтарының бəрі мойындады. Келімдəрі өсірумен маман- данды. Күшті флоты болды. Португалдықтарға қарсы табысты күрес жүргізді. 1641 ж. Малакканы голландтар басып алып, Аченің вассалдық иеліктеріне де енгеннен кейін сұлтанаттың маңызы жойылды. 1575—1755 жылдары Явадағы ең куатты мемлекет екінші Матарам болды. Оны мұсылмандар əулеті басқарды.
1575 ж. Сенепати (қолбасшы дегенді білдіреді) деген басшысы Матарамды тəуелсіз деп жариялады. Ол 1601 жылға дейін билік құрды. Сенапати мен оның ісін əрі қарай жалғастырған Агунг (1613— 1645) орталықтандыру саясатын жүргізді. Явадағы ең соңғы индуистік мемлекеттер жойылды. 1622 ж. Батыс Климантандағы Сукадана, 1624 ж. Мадура бағындырылды. Жаулап алынған жер- лерде наразылықтар қалыптасып, көтерілістерге ұласып жатты (1601—1604, 1617, 1627 жəне басқа жылдары). 1624 ж. Агунг «сусу- хунан» («барлық халық бағынатын») деген атақ алса, 1641 ж. оған меккелік өкімет басшылары сұлтан лауазымын берді. Бұл лауа- зымдарды иемденіп, Агунг өзінің өкімет билігіне діни билікті де қосып алуға тырысты. Португалдықтардың да, голландтардың да билігі Индонезия халықтарының тарапынан азды-көпті наразылықтарға тап болып отырды.
1620 ж. Банда аралдарында голландтарға қарсы көтеріліс болды. Оны Ост-Индия компаниясының генерал-губернаторы əскер күшімен қатаң басып тастады. Голландтардың архипелагта көптеп тарай бастауынан қауіптенген Агунг сұлтан 1628, 1629 жж. Бантамға жорық жасап, оны ала алмады. Голландтарға қарсы Молуккамен жасырын сау- да жүргізіп отырған Гова сұлтандары да күресті. Голландтардың архипелагтан қуылмай қала беруіне Бантам мен Матарамның арасындағы жауласушылық септігін тигізді. Оның үстіне Агунг барлық күшін голландтарға қарсы жұмсаудың орнына өзінің наза- рын шығысқа аударып, индуистік Баламбанганмен соғыс жүргізді.
1639 ж. жеңіске жетіп, оны басып алды. Агунгтың Балиды басып алу əрекеті сəтсіз аяқталды. XVII ғасырдың ортасына қарай голландтардың келуіне байла- нысты иңдонезиялық мемлекеттердің ішкі саяси жəне экономи- калық жағдайлары шиеленісе түсті. Архипелагтың аудандары арасындағы дəстүрлі экономикалық байланыстар, Индонезияның басқа елдермен қарым-қатынасы бұзылды; үздіксіз соғыстар ішкі аудандардың шаруашылығын құлдыратты. XVII ғасырдың орта- сынан бастап Явалық теңізде жүзу ісі тоқтады. Индонезиялық мемлекеттердің əлсіреуіне олардың арасындағы ала ауыздықты өршітіп, əулеттік талас-тартыстарды қыздырып отырған гол- ландтардың саясаты да себеп болды. 1638 ж. голландтар Гова сұлтанын компанияның Молукк аралдарына «құқын» жəне сауда- дағы монополиясын мойындауға мəжбүр етті. Голландтар үшін компанияның негізгі саяси жəне сауда қарсыласы португалдықтардан 1641 ж. қаңтарда Малакканы тартып алудың маңызы өте зор болды. Малакканың құлауы тек португалдықтардың архипелагтағы үстемдігіне тиген соққы ғана болған жоқ, ол Матарамға да жасалған соққы болды. Себебі Матарамның күріші негізінен Малаккаға сатылатын. Енді Агунг күрішті компанияға сатуға мəжбүр болды. Соның арқасында компанияның жағдайы күшейіп, Матарамның оған тəуелділігі арта түсті. XVII ғасырдың 30- жылдарының ортасына қарай португалдықтар Тимор аралының шығысынан басқа архипелагтағы барлық иеліктерінен айырылып қалды.
Суматрадағы Аче Ескендір Мудтың табысты билігінен (1607— 1636) кейін бұрынғы ықпалын жоғалтып алды. 1662 ж. голланд- 278 279 тар Ачемен Пайнан келісімін жасап, ол бойынша Аченің вассалы- Минангкабау князьдігін компанияның қол астына алды. Гова сұлтаны Хасануддиннің голландтарға қарсы 1638 жылғы келісім- ді мойындамау үшін 50—60 жылдары жүргізген күресі жеңіліспен аяқталды. Говамен көршілес Бугилік князьдіктің басшысы Бона- мен келісе отырып, голландтар Хасануддинді 1667 ж. Бонгай трак- татын мойындауға мəжбүр етті. Ол бойынша Гова компанияның вассалына айналды. Матарамның күшейген кезінде қазіргі Явандық тіл қалыптасты. Агунгтың ерлік соғыстары, Матарамға қарсы көтерілістер туралы əдеби шығармалар жазылды. Бабад деп аталған тарихи жылнама- лар кеңінен тарады. Əсіресе Тумапела мен Маджапахит раджала- ры туралы баяндайтын «Раджалар кітабы» («Параратон» ) кеңінен танымал болды.
Мұсылман мəдениетінің элементтері — əдебиет, өнер, фи- лософия кеңінен өріс алды. Мұсылман əлемінің сюжеттері мен кейіпкерлері тарады: «Александр Македонский туралы аңыз» («Хикайят Искандар Зулкарнаин»), «Калила мен Дим- на ертегілерінен», Əмір Хамзах туралы парсы аңызы, т.б. Мұ- сылмандық əдебиеттің орталығы Суматра сұлтанаттары, əсіресе Аче сұлтанаты болды. XVII ғасырда өмір сүрген ачелік ақын ар- Ранири «Патшалар бағы» («Бустан ас — Салатин») деген тама- ша поэма жазды. Индонезияда малай тілінің таралуына байла- нысты екі елдің халықтарына бірдей ортақ «Малай жылнамасы» («Седжарах Малайю»), «Туах хан туралы баян» («Хикайят ханг Туах» ), т.б. шығармалар өмірге келді. Сонымен қатар исламның тарауына байланысты бұрыннан келе жаткан салт-дəстүрлер мен өнер түрлері ұмыт қалды, адамдар мен жануарлар бейнесі жой- ылды. Дінде мұсылмандық жəне исламға дейінгі элементтердің синтезі орын алды.
Мұсылмандық мейрамдарда əруақтарға табыну сақталып қала берді. Мешіттер салуда да ежелгі Явалық сəулеттің сарыны көрініс тапты. Мұсылмандық діни ілім дамыды. Оның орталығы «Меккенің индонезиялық кақпасы» болып саналған Аче болды. Ачелік діни ілімнің ғұламасы Хамзах Пансуридің (XVII ғасырдың бірінші жар- тысы) еңбектері Индонезия мұсылмандарының арасында қазіргі кезде де үлкен құрметке ие болып отыр. Бали мен явалық теңгелерде индуизмнің, бадуйлерде — буддизмнің біраз өзгеріске ұшыраған түрлері сақталды. Еуропалықтардың келуімен Индонезияның мəдени өмірі- не, тіліне, материалдық мəдениетіне, өндірістік дағдыларына, дініне өзгерістер ене бастады. XVI ғасырдың ортасынан бастап Молукка мен Тиморда португалдықтар христиандықты (ка- толиктік) уағыздады. Ол уағызды (протестанттық) кейін голланд миссионерлері жалғастырды.
Индонезиялық мəдениеттің тарихында еуропалық жəне мұсылмандық элементтер əртүрлі рөл атқарды: еуропалық эле- менттер дəстүрлі индонезиялық мəдениетке бөгде болып қала берді, ал мұсылмандық элементтер тез сіңісіп кетті де, индонезиялық мəдениетті құрайтын құндылықтар кешеніне еніп, берік орнығып қалды.