Лекция Кіріспе. Ішкі күштер. Есептік схема. Жүктер. Қима әдісі. Кернеу. Деформациялар мен орын ауыстырулар. Созылу және сығылу. Бойлық күш



бет1/2
Дата20.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#104242
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
1 лекция. Каз.


Лекция 1. Кіріспе. Ішкі күштер. Есептік схема. Жүктер. Қима әдісі. Кернеу. Деформациялар мен орын ауыстырулар. Созылу және сығылу. Бойлық күш.
Әртүрлі құрылыстар, машиналар, жабдықтар, аппараттар мен приборлардың басқа сапаларымен қатар беріктігі және қатаңдығы болу керек. Беріктік деп қатты денелердің күштер әсерін қирамай қабылдау қабілетін атайды. Қатаңдық деп қатты денелердің күштер әсерін өз өлшемдері мен формасын айтарлықтай өзгертпей, яғни үлкен деформацияларға ие болмай қабылдау қабілетін атайды. Конструкция элементтерінің (бөлшектерінің) беріктігі мен қатаңдығын қамсыздандыру үшін олар лайықты материалдан жасалу керек және оның керекті өлшемдері болу керек. Материалдар кедергісі (МК) – конструкция элементтерінің беріктігі мен қатаңдығы туралы ғылым. МК-нің негізгі қорытындылары статиканың заңдары мен теоремаларына тіреледі, бірақ МК-сінде денелердің деформациялану қасиетінің үлесі ең маңызды болады. МК мақсаты – конструкцияның типтік элементтерін есептеуінің қарапайым әдістерін беру. МК-нде жарамды болжамдарға негізделген жуық әдістер қолданылады.

Есептер шешуі есептеу моделін, яғни есептеу схемасын (ЕС) тандауынан басталады, ЕС – бұл объектінің айтарлықтай емес факторларынан босатылған сипаттамасы. Бір объект үшін талап қойылған нақтылыққа және құбылыстың қарастырылатын жағына тәуелді бірнеше ЕС-ны қолдануға болады. Екінші жақтан, бір ЕС-ға бірнеше объектілер келтірілуі мүмкін.

ЕС-ны тандау материалдар қасиеттерін модельдеуден басталады. Барлық материалдар олардың микроструктурасына тәуелсіз біртекті тұтас орта ретінде қарастырылады, бұл шексіз аз шамалар талдауының аппаратын қолдануға мүмкіншілік береді. Тұтас ортаны шынайы материалдың қасиеттеріне ие болғызады. Мысалы, барлық қатты денелердің анықталған дәрежедегі серпімділік қасиеті бар, яғни денелердің өлшемдері мен формасын өзгерткен сыртқы күштерді алып тастаса, олардың бастапқы өлшемдері мен формасына қайта келу қабілеті бар. Көптеген есептерде орта абсолют серпімді болып алынады. Егер абсолют серпімділіктен ауытқуы айтарлықтай көп болса, ортаны басқа қасиеттерге ие болғызады. Әдетте МК-нде орта изотропты болып қарастырылады.

Объектінің геометриясы да қарапайымдалады, МК-нде ол брус немесе пластина схемасына келтіріледі. Брус деп бір өлшемі (ұзындығы) басқа екі өлшемінен әлдеқайда үлкен денені атайды. Пластина деп бір өлшемі (қалындығы) басқа екі өлшемінен әлдеқайда кіші денені атайды. Брусты геометриялық түрде жазық фигураны (1 сурет) кейбір қисықтың, яғни брус өсінің бойымен орын ауыстырып жасауға болады. Ауырлық центрі брус өсінде жатқан және оған тік орналасқан жазық фигура брустың көлденең қимасы деп аталады. Брус түзу сызықты немесе қисық сызықты, оның қимасы өс бойымен тұрақты немесе айнымалы болулары мүмкін. Төменде тек қана брустар мен брус жүйелерінің есептелуі қарастырылады.






1-сурет

Күштер жүйесі де қарапайымдалады. Мысалы, қадалған күш ұғымы енгізіледі. МК-нде күштер сыртқы және ішкі болып ажыратылады. Егер конструкция басқа денелерден тыс қарастырылатын болса, соңғылардың конструкцияға әсері сыртқы күштерге жататын күштермен ауыстырылады. Бұл күштер келесі күштерге бөлінеді: көлемдік (ауырлық, инерция,  магниттік тарту күштері және т.б.) және беттік (айналасындағы денелермен түйісіп әрекеттесу күштері). Сыртқы күштер арасына тек берілген (актив) күштер ғана емес, оларға қосылып, теңгерілетін күштер жүйесін құрайтын байланыстардың реакциялары да кіреді. Теңгерілетін (актив және реактив күштерден тұратын) күштер жүйесін жүктеме деп атайды. Сыртқы күштердің шамасы және олардың таралу түрі объект пен айналасындағы денелердің шекарасы қайда өтетіне тәуелді. Күштер келесіге айрылады: статикалық (уақыт өтуімен өте жай өзгеретін, айтарлықтай инерция күштерін болдырмайтын күштер), динамикалық (уақыт өтуімен жылдам өзгеретін, есептеуде ескерілетін инерция күштеріне себепші болатын күштер; олар соққы, аяқ астынан түсірілетін және вибрациялық күштер болуы мүмкін), қайталымды-айналымды (әсері периодпен көп қайталанатын күштер). Объект бөліктерінің өзара әрекеттесуін сипаттайтын күштер ішкі күштерге жатады. Ішкі күштер тек қана объект бөліктерінің арасында емес, оның барлық көрші бөлшектерінің арасында да объектінің жүктелуі кезінде пайда болады. Әдетте объект сыртқы күштермен жүктелмесе, оның ішінде ішкі күштер жоқ деп есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет