ФОНЕТИКО-ФОНЕМАТИКАСЫ ТОЛЫҚ ЖЕТІЛМЕГЕН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ Түзету оқуының ең басты бағыттары:
1. Дыбыстырдың айтылуын қалыптастыру.
2. Фонематикалық есіту қабілетін жетілдіру.
3. Сауатын ашу оқуына дайындық.
Логопедия жұмысы баланың сөйлеу тілі мүшелеріндегі сақталған дыбыстарды анықтаудан басталады.
Ұйымдастырылған оқу жұмысын барлық топтармен қалай қамтып жүргізсе, солай дербес жүргізеді.
Қамтып оқыту жұмысы балалардың дербестік ерекшелігін есепке алып, бірыңғай жоспар бойынша белгілі бір жүйемен жыл бойына жүргізеді. Бұл оқу жұмысында ең алдымен У, А, И, Ә, О дауысты дыбыстарының айтылуын өңдеп шығарады, сосын Ппі, Ккі, Қ, Ссі, Ззі, Л дыбыстарының және сөйлеу тіліне жаңадан қойылған Ц, Т, Ббі, Дді, Ггі, Ғ, Ш, Ж, Ррі, Ч, Ш дыбыстарының айтылуын қалыптастырады.
Балалардың дыбыстарды айтуын жетілдіру барысында сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қалыптастыруға көңіл аударады. Логопед дыбыстардың айтылуын түзете отырып балаларды сөзіне құлақ қойып тыңдауға, сөздердің жекелеген кейбір элементтерін ажыратуға және қайталауға, түсінгендерін естерінде сақтауға, өз сөздерін есітуге және өз қателерін түзетуге үйретеді. Қойылған дыбыстарды бекітіп баяндау жаттығулармен қатар, жұпталған топтық белгілері бойынша ажырату жаттығуын біртіндеп енгізеді. Мысалы: қатаң және ұяң /ф-в, с-з, п-б, т-д, к-г, қ-ғ, ш-ж/ ысқырық және ызың /с-ш, з-ж/; фрикативті және аффрикативті /с-ц/; созылыңқы және дірілдегіш /р-л, рі-лі/; жіңішке және жуан /с-сі, з-зі/ және басқалар.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қалыптастыруға назар салу және естігенін жадында сақтау мақсатымен оқыту жүйесіндегі екі топқа бөлуге болатын арнайы жаттығулар алдан ала қарастырылады. Бір топтағы жаттығуларда балалар сұраққа іс әрекеттің жәрдемімен және бейнелі суретті көрсету арқылы жауап беріп тек сөйлеу тілін түсінуге бағытталады. Бұған естіген сөздерді жадында сақтау, арнайы іріктеп алынған жобалар мен басқа да сөйлеу тілі құралдары жатады. Бұл жаттығулар әсіресе оқыту жұмысының басында балалардың сөзді дұрыс айтуы мен белсенділігі шамалы кезінде қажет. Екінші топтағы жаттығулар бірінші топтың көздеген мақсатымен тек лексикалық құралды дұрыс түсінуді ғана алдын ала қарастырылмайды, сонымен бірге оны қайталайды. Бұған естуінен түсінген буындар тіркесін, сөздерді, сөйлемдерді қайталау; дыбыстардың дұрыс айтылуының бекітіліп баяндауына байланысты әр түрлі сөйлеу құралдарын жатқа айту жатады.
Балаларжы жаңа дыбыстарды меңгеру шамаларына қарай сөздің септелуіне, жіктелуіне және мезгіл қимылдарына байланысты өзгеру түрлерімен біртіндеп таныстырады. Сонымен, мысалы, С, Сі, З, Зі, дыбыстарының дұрыс айтылуының бекітіліп баяндауы кезінде балалар сын есімді, зат есімді іріктеп алады /сәнді автобус, сүзеген сиыр, семіз қаз/.
Р-Л дыбыстарын ажырату кезінде бала зат есімді белігіл бір септікке қолданатын сөз тіркестерін логопед іріктеп алады /кітапты жазамын, терезеін жуамын/.
Осы мезгілде сұрақтар мен тіректі сөздер бойынша, қимылдарды көрсету бойынша сөйлемдерді құрастыру мен өрістету жаттығуларының әр түрін енгізеді.
Балалар әр уақытта қолдана бермейтін арасында, сөйткенмен, десең деген жалғаулықтарды сөйлемдердің ішіне біртіндеп енгізеді.
Одан кейін логопед оқу жұмысына өз бетімен сөз айтып беру, сөз жолдарын жаттатқызу, бейнелі, жалғаспалы көп суреттер бойынша әңгіме құрастыру жаттығуларын енгізу бастайды.
Әрбіәр қамтып оқыту жұмысында балаларды сөздің дыбыстық құрамын талдауға дайындау жаттығуларын жүргізеді. Алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың назарын жеке дыбыстарға және сөздің құрамындағы дыбыстарға аударады /«У» дыбысын, «Т» дыбысы бар сөзді, «П» дыбысы бар буында естігенде алақаныңды шапалақтайсын/, /аттары аталған сөздердің ішінде К дыбысы бар бейнелі суреттерді іріктеп алу/.
Сөздің құрамындағы белгілі бір дыбысты ести алатындығын білуінен бастап, біртендеп бір буынды жеңіл сөздің дыбыстық құрамын талдауға дағдылануын толық меңгеруге жеткізеді.
Қандай болмасын талдаудың түрі мен тексерілетін дыбыстардың арасындағы белгілі бір сәйкестік алдын ала ескеріледі. Сонымен, талдаудың алғашқы дайындығына мынандай белгілерді енгізеді:
1. Сөздің басындағы бірінші екпінді /а, о, ө, и/ дауысты дыбыстар бөлу. Көрнекі құралдағы бұл дыбыстар балаларға алғашқы түсінік ретінде беріледі, себебі дыбыстар белгілі бір жүйелікпен орналасуы мүмкін. Балалар дыбыстардың санын және олардың сөз тіркесіндегі жүйелілігін анықтайды.
2. Бір буынды сөздердің бірінші және соңғы дыбысын бөлу; кері буынды талдау және жинақтау /тал, ат, от/.
3. Сөздегі дауыссыз дыбыстан кейінгі тұрған екпінді дауысты дыбысты бөлу /мал, қант/.
4. Тура буындардың, сондай-ақ бір буынды сөздердің дыбыстарын талдауы мен жинақтауын меңгеру /бас, қар, төл/.
Балаларды шамаларына қарай қамтып оқыту жұмысына қойылған дыбыстарды дағдыландыруын, сөздік дыбыстық құрамының талдауын және жинақталуын жете меңгеруге бағытталған көптеген жаттығулар енгізеді. Бұл жұмыс қойылған дыбыстарды сөйлеу тіліне неғұрлым тезірек енуіне жәрдем береді.
Сөз біртіндеп сабақтың ең негізгісі болады. Сөздің нобайына сүйенуді пайдаланып, балаларды сөзді буынға бөлуге үйретеді. Алдымен сөздерді ---------- , сосын буындарды ---------- және дыбыстарды 0 0 0 нобайларымен белгілейді. Балалар дыбыстың буындары толық талданған дауыссыз дыбыстары қатар және жеке-жеке тұрған бір буындық, екі буындық және үш буындық сөздерді меңгереді /қар, құман, тон, сақа, астана, баспалдақ/ сөзде қанша буын және қанша дауысты дыбыстар бар екенін балалар танысып біледі. Оқытудың шамасына қарай нобайының жәрдемінсіз сөзді талдауды және жинақтауды толығымен іске асыруға көшеді. Бір дыбысты басқа дыбыспен алмастыру арқылы жаңа сөздер жасау жаттығуларын қатар жүргізеді /мал-жал, тал-шал/. Бұл уақытта балалар «буын», «сөз», «сөйлем», «дауысты дыбыс», «дауыссыз дыбыс», «жуын», «жіңішке», «ұяң», «қатаң» /дауыссыз дыбыстарды/ деген жаңа сөздерді де меңгеріп алады.
Дыбыстарын дұрыс айтқызудағы көптеген жаттығулардың және сөйлеу тілінің дыбыстық құрамын талдауы мен жинақтауының нәтижесінде бала оқуын меңгеруге жақсы дайындалып шығады. Енді баланың алдына дыбыстардың әріппен белгіленуін, әріптерді буынға біріктіруге үйренуді және ежіктемей тез, әрі түсініп оқуды игеру мәселесі қойылады.
Ең тиімді тәсіл талдаудың ізінше оқыту. Сөзді алдын ала талдап алғаннан кейін қиынды әріптерден құрастырады. Сосын ол буындарға, дыбыстарға бөлінеді, одан кейін қайтадан дыбыстар буындарға біріктіріліп, буынға бөлініп оқытылады. Баланың буындарды сөзге біріктіріп оқуын қатаң қадағалау қажет. Алдымен екі әріпті, сосын үш әріпті бір мезгілде қабылдауға дағдыландырады. Балалардың өздерінің оқыған сөздерін, сөйлемін, шағын сөз жолдарын түсінуін қадағалаудың маңызы өте зор. Машықтау жаттығулары кезінде әріптерден құралған буындарды, арнайы іріктеп алынған буындар мен сөздерді, әйтеуір бір түрде безендірілген кестелерді пайдалану қолайлы.
Қиынды әріптерден сөз құрастыруды жазуға үйретумен байланыстырып оқытады. Балалар дыбыстық талдау мен жинақтаудан кейін ізінше баспа әріптерімен жазады, содан кейін жазылған сөзді, сөйлемді әңгімені оқиды. Берілген әріптерден сөздер жасау, сөздің жетпей тұрған әріпін қосу, тыңнан әріптер қосып жаңа сөздер жасау арқылы сөздерді өзгерту жаттығуларының түрлеріне аса үлкен назар аударады. Сонымен оқудың аяқталу мерзімінде баллар ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтып және айыра алатын болу керек, құрамы әр түрлі буынды сөздерді дыбыстық талдауға және жинақтауға саналы түрде дағдылануды меңгеру, сөзді, сөйлемді және шағын сөз жолдарын жазып және оқып, сонымен бірге оқығандарының мазмұнын түсіндіре білу керек. Балалар бақшада жүргенде дұрыс жазуының кейбір ерекшеліктері сөзді бөлек жазуды, сөйлемнің аяғына нүкте қоюды, өздерінің аттарының және сөйлемнің басын үлкен әріппен жазуды игереді. Түзету оқу жұмысының барлық жүйесі мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілдерінің толық қалыптасуына мүмкіндік береді, баланың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беріп қана қоймайды. Сонымен бірге мектепке де дайындайды.
Алғашқы оқып үйренудің бұндай сатыларының дайындығынан өткеннен кейін жалпы білім беру мектептегі оқуында ерекше қиындықтар болмайды. Оның үстіне түзету оқуын толық көлемде бітіріп шыққан балалар өздерінің қатарларына қарағанда сауатын ашуды меңгеруге әлдеқайда жақсы дайындалғандығын тексерудің нәтижесі көрсетті.
Бақылау сұрақтары:
1. Балалардың дисграфия мен дислексияға шалдығуының себептері туралы не білесіңдер?
2. Баланың дисграфиясын қалай анықтауға болады?
3. Баланың дислексиясы қалай анықталады?
4. Дисграфиялық және дислексиялық қателердің қандай түрлерін білесіңдер?