БАЛАНЫ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫНАН АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРУ Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру жұмысын ең алдымен ата-аналар және балалар мекемелерінің тәрбиешілері жүргізеді.
Алдын ала сақтандыру шараларын екіқабат ананы бағып – күтіп баптап, баланың құрсақтағы кезеңіндегі дамуына бастау қажет. Бала туғаннан кейін оның құлағын әрдайым таза ұстап есту мүшелерінің ісіп қызару барысын сақтандыру керек, күнделікті жұмыстың әр түрлі келеңсіз жәйттерінен зақымдануын болдырмау үшін барлық сақтандыру шараларын жасай отырып денсаулығын мұқият қадағалау қажет. Кішкентай баланың суықтан өте-мөте қатты сақтау керек, өйткені жиі суықтан ауруының салдарынан сөйлеу тілі аппаратының әр түрлі патологиясының байқалуы мүмкін.
Есту қабілетіне кенеттен шыққан қатты дауыс, айқай, топтың шуылы өте зиян екенін есте сақтаған дұрыс. Сондықтан баланы денесін түршіктіретін күшті дауыстан қорғайтын жағдай жасау керек. Оған қатты айқайлап сөйлеуге болмайды, оны әр түрлі жағымсыз, қорқынышты дыбыстан мұқият сақтау ережесін әрдайым ұқыпты түрде орындау қажет. Есту қабілетін бұзылудан сақтандыру мақсатымен врач-отоларинголог баланы оқтын-оқтын тексеруден өткізіп отыру керек. Бұл есту қабілетінің бұзылуына себеп болуы мүмкін болмашы патологиялық өзгерістерді уақытында жоюға жәрдем береді.
Егер баланы есту мүшелерінде іштен туа біткен немесе кейінен шыққан зақым бар болса, онда бұған дәрігердің міндетті түрде араласуы қажетті, өйткені ол есту қабілетінің бұзылуы қандай сипатта болатынын және сөйлеу тілі қызметінің қалыптасуына қандай ықпал жасайтынын анықтап емдеуді басынан дұрыс бағыттап жүргізеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Баланың өсіп қалыптасуында есту қабілетінің қандай маңызы бар?
2. Есту қабілетінің мүлде болмауының немесе төмендеуінің себептері неден болады?
3. Бақшада баланың есту қабілетін қалай тексереді?
4. Есту қабілетін тексеру үшін көрнекті құралдарды қалай іріктейді?