34 топ
Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырып: Cөйлеудегі негізгі қиындықтар
Жоспар
1. Фонетикалық, қиындықтар
2. Лексикалық қиындықтар
3. Грамматикалық қиындықтар
4. Лингвистикалық сипаттағы қиындықтар
5. Психологиялық сипаттағы қиындықтар
Сөйлеу меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсіну керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жөңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, таңдағанда өте зерек болуы керек және ойлай білуі керек. Ерік- зейінін, еске сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
1) Лингвистикалық материал
2) Материалдың мамұны
3) Материалды беру жағдайы
Оқушыларға шет тілін үйретуде негізгі 3 қиыншылық бар: фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
1) Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады
Мына сөздерді қиындықпен айтады:
Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.
Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning!
Сондықтан тыңджау дағдыларының, дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.
2) Лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп қолданылуына байланысты,
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.
Мысалы:
East-west take- put ask-answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.
Put on: put off-put down
Take off: see off-going for: etc.
Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиындық туғызады.
Мысалы: to work-work6 to answer-answer. – ed Past Ind. Participle 2
Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.
Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді. Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:
А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?
Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?
Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?
В) материалды тыңдауға әзірлік.
Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.
4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.
1. Сөйлеу дылдамдығы
2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.
Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет. Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут – 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз: жай қарқын – 95 сөз.
3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.
4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.
5. «Көру» құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүнкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.
6. Сөйлешінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалінің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек. Ағылшын тілінде сөйлеу – тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.
Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздердіжазады. Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесес сұрағысы келсе тілдік қоры пайдалануы қажет және оған мұғалім көмектесіп отыру керек, Осы психологиялық фактор үнемі есте болуы керек.
Басқа фактор- психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған сөздерді, сөз тіркестерін сөйлеу үлгілерін грамматикалық формаларды, құрылымдарды тақырыпты, жағдайды пайдаланып, сөздерді, граматиканы үйрете отырып сөйлеуге ынталландыру қажет. Мұғалім оқушыларды әзірленген сөйлеуден әзірленбеген сөйлеуге біртіндеп әкелуі керек.
Әдістемелік әдебиетте негізгі екі қиындық көрсетіледі: психологиялық және лингвистикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |