Ауызша тілдегі фонетикалық қиындықтар кейде ең негізгі болып саналады. Бұлай деп айту негізсіз емес, әсіресе, бастауыш буынды оқытуда. Фонематикалық естудің дұрыс жетілмеуі, дұрыс айту дағдысының болмауы, акустико-артикуляциялық үлгілердің толық қалыптаспауй тыңдаушының назарын бөледі, соңында сөздің мағынасын түсінбейді. Кейінірек сөздердің фонетикалық нұсқасын белгілі бір белгілермен ажырату дағдысы қалыптасады.[2]
Фонетикалық қиындықтар барлық шетел тілдеріне ортақ немесе жеке тілге ғана байланысты болуы мүмкін. Ортақ қиындық сөздегі дыбыс пен сөйлемдегі сөздердің арасында айқын шекара болмауы болып табылады; ана тілінде жоқ фонеманың, шетел тілінде болуы, мысалы: ағылшын тілінде [ð], [ŋ], [θ ].
Н.В. Елухина ақпарат көздерінің педагогикалық процесіне келесі мақсатты қосуды ұсынады:
1) мұғалім сөзі + суретті көрнекілік
2) мұғалім сөзі + диафильм
3) тек мұғалім сөзі
4) мұғалім сөзі + кинофильм
5) диафильм + бейтаныс дауыс
6) теледидар
7) кинофильм + бейтаныс дауыс
8) дыбыс жазбалары( мұғалім с
9) дыбыс жазбалары (бейтаныс дауыс)
Әрбір ғылым саласында қиындықтар кездесетіні белгілі. Шетел тілін оқыту теориясындағы қиындықтың бірі-тыңдап-түсіну болып отыр. Көп уақыт бойы әдіскерлер тыңдап-түсінуді сөйлеу қызметіның түрі деп те, оқытудың мақсаты ретінде де қабылдаған жоқ. Кочкинаның мақаласында көрсетілгендей: «... шет тілін меңгеру және тілдік дағдыларын дамыту, негізінен, тыңдап-түсіну арқылы жүзеге асырылады». Сондықтан, тыңдап-түсіну ең үлкен қиындықты туғызады.Оқыту процесінде қиындықтарды жою емес, біртіндеп және дәйекті жеңу дұрыс болып саналады. Психологтар атап өткендей, ең тиімді дайындық бұл жеке тұлғаның қобылжуын, оның еркі мен көңілін басқаға айналдыру кезінде жүзеге асады.Тыңдап-түсінуді оқытудағы қиындықтарды жеңу және соның негізінде шынайы жағдайда сәтті жұмыс істей алатын дағды мен іскерлікті қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру үшін туындайтын қиындықтарды айқын елестете алуымыз керек:
1) тілдік мәселенің сипаты;
2) тілдік қарым-қатынастың формасы;
3) сөйлесудің мағыналық мазмұны;
4) ұсынылған хабарламаның шарттары;
5) ақпарат көздері;
6) тыңдаушының есту тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: |