Лингвистикалық сипаттағы қиындықтар.
Лингвистикалық тыңдап-түсіну қиындықтарын сипаттауды диалог пен монологты қысқаша салыстырмалы талдаудан бастау керек, себебі бұл тілдік формалар тілдік құралға ғана емес, мәтіннің құрылымдық және композициялық сипаттамасына да әсер етеді.
Диалогтың тілдік құралы сөйлеудің мақсатымен анықталады. Мысалы, бәрін айтып тастау, өзіннің жағдайынды сипаттау, тыңдаушыға әсер ету, қайталау, асырып айту диалогтық тілді эмоциялы етеді. Егер сөйлесетін адамдарға сөйлесудің тақырыбы таныс болса, олар қысқартылған тілді пайдаланады. Мұндай сұхбаттасуда паралингвистикалық құралдан басқа, ілікпе сөздегі параллелизм болуы мүмкін. Сөйлеушілер арасында ішкі байланыс болмаса, диалог неғұрлым ауқымды құрылымды талап етеді. Мұндай сұхбатта ол монологпен бірігуі мүмкін. Тыңдаушы диалогқа қатысуы мүмкін, немесе «сырттан» қабылдауы мүмкін. Бірінші жағдайда қабылдаудың қиындығы айтудың қиындығымен бірігеді және соңында мынаған әкеліп соқтырады: темпке және байланыстың шартына бейімделу қажеттігі; белгілі бір тілдік жылдамдықты сақтау; ынталандыру және интонациялық моделді дұрыс таңдау; түрлендіруді қолдану. Киноны немесе дыбысты қабылдауда оған қатыспай, диалогты сырттай тыңдау арқылы жүзеге асады. Мұнда да қиындықтар бар. Ең қиыны сөйлесу барысындағы адамды көрмей, қашықтықтағы тілді қабылдау болады. Көру аппаратын қолданбау болжауды қиындатады, жадыны жүктейді, сөйлесудің жағдайын және тақырыпқа кіру процесін бәсеңдетеді. Осы барлық ерекшеліктерді тілдік хабарламаны жариялау әдісін, оның көлемі мен тіл қиындықтарын анықтауда ескеру қажет.
Монологтық сөзде тілдік құралдарды таңдау пікірді айту мақсатына, қарым-қатынас жағдайы, сөйлеушінің жеке ерекшеліктеріне (оның білімі, эмоционалдық жай-күйі, көрермендермен қарым-қатынасы) байланысты. Монолог әңгіме, қойылым, доклад немес лекция ретінде әңгіменің құрамдас бөлігіне енгізілуі мүмкін. Монолог қайталау, риторикалық сұрақтар, бұйрық, ой мен ритмді үзу, кірме сөздер мен сөйлемдер сияқты экспрессивті құралдар арқылы жүзеге асады. Мұның бәрі монлогтық тілге қарапайымдылық пен табиғилылық береді, көрермендермен байланыс нығая түседі.
Қабылдаудағы маңызды кедергі грамматикалық қиындықтар болып отыр. Олар синтаксис пен қатар, морфологиямен де байланысты. Оқушылар қабылданған сөздерді жеке элементтерге бөліп қарастырып, олардың арасындағы байланысты анықтау қажет.
Ағылшын тілін түсінуде грамматикадағы үлкен қиындықтар көп жағдайда әр түрлі лексикалық мағынасы жоқ, көмекші сөздерге байланысты болып келеді. Ауызша сөйлеуде көмекші сөздердің әлсіз формасы қолданылады (you’ve, I’ve, he’s).
Хабарламаның тілдік формасына қатысты қиындықтар екі себептен туады:
а) оқытылып отырған тілдің материалындағы хабарламаның мазмұнына байланысты,
б) хабарламада таныс, бірақ тыңдап қабылдауға қиын материал болса.
Тілдік форманың қиындықтарын айтқанда, сөйлемнің ұзақтығын еске салған жөн. Сөйлемнің аяқталғанына дейін сақталатын қысқа мерзімді жадының көлемі шектеулі екені түсінікті. Егер сөйлемнің ұзындығы жадының көлемінен асып кетсе, тыңдаушы сөйлемнің басын ұмытып, оның мағынасын синтездей алмайды. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері дәлелдегендей, естіп қабылдаудағы сөйлемдегі сөздер көп дегенде 13-15-ке болуы керек. Сонымен қатар,сәйкесінше, шетел тілін енді меңгеріп жатқан оқушылардың жады көлемі кішірек, сондықтан олар 5-6 сөзбен шектеледі. Яғни, бастапқы сатыда сөйлемнің ұзындығы 5-6 сөзден аспауы қажет.
Бағыңынқы сөйлемнің, кірме сөздердің, жаңа грамматикалық құбылстардың көптеп кездесуі мәтінді түсінуді қиындатады. Сәйкесінше, мұның бәрін мәтін таңдау барысында ескеріп, түсіндіріп, немесе оқушыларды қиындықтарды жеңуге бағыттау керек ( негізгі мазмұнын түсініп және ұсақ-түйек элементтерді ескермеу жолы арқылы).
Достарыңызбен бөлісу: |