Сабақтың тақырыбы: Көкшетау аңыздары Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі191,83 Kb.
#34212
түріСабақ
  1   2
Көкшетау сұлу, әсем,

Көркем қала,

Сүйсінеді көркіңе

Мендей балаң.

Сабақтың тақырыбы:Көкшетау аңыздары

Сабақтың мақсаты: Біз бүгін Көкше өңірінің тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет екенін біліп танысамыз.

Білімділігі:Көкшетау өңіріндегі аңыздармен танысу, оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етіп, қызығушылық және танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі:
Оқушының табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімін ояту.Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдістері: оқу, баяндау, әңгімелесу, сұрақ- жауап , тірек- сызбамен, картамен жұмыс.



ТҚҰФ: жеке жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,табиғатқа байланысты бейнефильм;

Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айту

ІІ.Сабактың максатың қою:

Көкшетау аңыздарымен танысу,мәтінмен жұмыс жүргізу,тест сұрақтарына жауап беру.

Сабақтың мақсаты туған жеріміздің сұлу да көркем табиғаты туралы оқып білетін боламыз.

ІІІ. Жаңа тақырып. Кіріспе.

Табиғат Сарыарқаның алтын төсіне асыл алқа – Көкшетауды сыйлағандай. Сұлулығымен аты аңызға айналған Бурабай өңірі дара біткен арудай. Мол асыл арудың әрбір тасын, мөлдір суын, қайыны мен қарағайын халық әнге қосып, аңызға айналдырған.



1.Көкшетау аңыздарына байланысты бейнефильм (слайд) көрсету.

  • 1) «Көкшетау» атты презентациясы -Тулева Әдемі

Көкшетау қаласы, 1999 жылдан бастап Ақмола облысының әкімшілік орталығы . Қала тұрғыдары 2010 ж. 146,933 адамды құрады, ал 1999 ж. санақ бойынша 123,300 адам болған. Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар

  • 2) «Бурабай көлі»Репникова Ева

Ақмола облысының Бурабай ауданындаКөкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2.  Көл суында алабұға, шабақ, сазаншортантабан балық бар. 

  • 3) «Оқжетпес» Хусаинова Динара, Свиридова Наташа

Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты дауысымен: « Уа, Тәңірім! Мен жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен.


  • 4) «Абылай хан алаңы» -Толғанай

  • 5) «Жұмбақтас» -Жұмағазы Қуаныш

  • 6)Кенесары үңгірі

Үңгірге кіре берістегі қуыстың биіктігі 3 м-дей.

Ол екі бөліктен тұрады. Оларды бір-бірімен тар қуыс жалғастырады. Екінші бөліктен сыртқа шығатын ауыз бар.

Бұл жерді Кенесары Қасымұлы шамамен 1842, кейбір деректер бойынша 1845 жылдары мекендеген. Алайда ол бұл жерде не істегені, немен шұғылданғаны нақты белгісіз. Қазіргі уақытта халық осы Кенесарының үңгіріне қызықтап келіп қарайды, сиынатындар да бар. Кенесары тарихта болған кісі. Елбасымыз ол туралы «Біздің нағыз батырымыз, ақырғы ханымыз» деп берген бағасы бар. Есілдің бойында қазаққа жол сілтеп тұрған ескерткіші тұр. Ол қазақтың жері үшін, ынтымағы үшін жанын берген батыр.


  • 7) «Кемпіртас» - Оспанова Айым

8) Жеке батыр аңызы

Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстігінде орналасқан тау.


Алыстан қарағанда сақтықты ойлап, дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.

2. Оқулықпен жұмыс

9) Мәтінмен жұмыс.

74 бет. “Көкшетау аңыздары ” мәтінін оқу,жаңа сөздермен танысу, аудару, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.



10) Сөздік жұмысын өткізу. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.(таңғаларлықтай, жалпақ жазира кең даласы, жаратушы, үлесіне)

ІV. Тексеру кезеңі

3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Топтық жұмыс. Қай аңыздан үзінді?

1)Күн күркіреп, лезде жаңбыр жауып, оны шыңға айналдырып жіберді.
Пілі иесінің шайқаста қаза тапқанын көріп, шыңға келіп, төбесіне шығып жатты да, ол да тасқа айналып кетті.
(Оқжетпес)

2)Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. (Жұмбақтас)

3)«Уа, Тәңірім! Мен жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, ол сол жерде жартасқа айналып кеткен.(Оқжетпес)

4) Бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан – шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мүжілген кемпірге ұқсап кетер еді. (Жұмбақтас)

V. Бекіту кезеңі

4. Тест сұрақтары

1.Көкшетау қайда орналасқан?

а) Шығыс Қазақстанда

ә) Ақмола облысында

б) Оңтүстік Қазақстанда

2.Қазақстанның Швейцариясы қай қала?


а) Қарағанда
ә) Қостанай
б) Көкшетау

3. «Көкшетау» поэмасын кім жазды?


а) С.Сейфулин 
ә) Ж.Аймауытов 
б) А.Байтұрсынов

4. «Кемпіртас» қай ұлттық саябақта орналасқан?


а)   Қарқаралы саябағында

ә) Алтынемел табиғи саябағында

б) Баянауыл ұлттық саябағында

Баянауыл ұлттық саябағында

5. Баянауыл ұлттық саябағы қай облыста орналасқан?
а) Ақмола облысында
ә) Павлодар облысында 
б) Батыс Қазақстан облысында

Павлодар облысында



VI.Сабақты қорытындылау(Рефлексия)

5. Сабақты бағалау.Критериалды бағалау(балл бойынша)

1.Аңыздарды түсіне білу.

2.Сұрақтарға жауап бере білу.

3.Сұрақ қоя білу.

4.Тест сұрақтарына дұрыс жауап бере алу.

5.Қосымша тапсырма орындауы.(шығармашылық ізденіс)


Үйге тапсырма . «Көкшетау аңыздары» тақырыбына шағын эссе жазу.

Кемпіртас жайлы аңыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жаңа мәтінді меңгерту, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойын және тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, жаттығулар, түсіндіру, сөзжұмбақ.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,табиғатқа байланысты бейнефильм,

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу.

Психологиялық дайындық, бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айту

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а) Сөйлесу минуты

ә) хормен «Көкшетау»әнін орындау

ІІІ. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)

С. Сейфуллиннің «Көкшетау» пөэмасынан үзінді оқу



ІҮ. Жаңа тақырып. Кіріспе.Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кемпіртас жайлы аңыз»деп аталады. Сабақта еліміздің табиғаты туралы аңызбен танысатын боламыз.

Ү. Бурабайдың табиғатына байланысты бейнефильм (слайд) көрсету.

ҮІ. Сөздік жұмысын өткізу. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру.(танымал тас, жылқы тұқымы, көздің қарашығындай, күзетеді, білегін кесіп, сиқыршы, күн шапағы)

ҮІІ. Мәтінмен жұмыс.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару, мазмұнын түсіну.

ә) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

б) «Дұрыс, бұрыс» ойыны



ҮІІІ. Жазба жұмысы 4-тапсырма Сөйлемде берілген фразеологизмдердің қазақша баламасын қойып, сөйлемді толықтырып жазу.

ІХ. Семантикалық карта

Х.Сабақты қорытындылау(Рефлексия)

ХІ. Сабақты бағалау.

ХІІ.Үйге тапсырма . 5-тапсырма 77-бет

ІІІ кезең. Бекіту кезеңі

Рефлексия



Маған ұнады Мен үшін жаңалық Маған қиын болды



Семантикалық карта



Бурабай туралы аңыз



Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді. Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы).  Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет