МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ МҮКІСТІКТЕРІН ТҮЗЕТУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Сөйлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын орнығып, қиындап кетпей тұрғанда мектеп жасына дейін жою керек. Сонымен бірге, баланың мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі күшті қарқынмен күн сайын дамитынын және тілі кез-келген дыбысқа еліктегіш, қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілігіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан дислалияның барлық түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.
Сондай–ақ, сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістіктер толып жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу тілі мен жазу тіліде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.
Бұл қалай?
Сөйлеу барысында, демек дыбыстардың айтылуы кезінде сөйлеу мүшелерінің қимылынан сезім түйсігі пайда болатыны мәлім. Осы сезім тітіркенуінің күші бас миының қыртысына барады. И.П.Павлов екінші сигналды жүйенің қалыптасуына байланысты сезім тітіркендіргішіне үлкен маңыз берген және оларды «базалды бөлігі» деп атады. Атап айтқанда, сезім тітіркендіргіші фонематикалық түйсіктің қалыптасуына шешуші қызмет атқарады. Дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарының «базалық бөлігі» толығымен қатыспайды, ендеше фонематикалық түйсіктің толық дамымайтындығы өзінен - өзі түсінікті.
Фонематикалық түйсіктің бұзылуы баланың сөйлеу тіліндегі үндестік жағынан немесе тілі мүшелерінің әрекетінде бір-біріне ұқсас дыбыстарды дауысынан ажырата алмауына душар етеді. Оның сөздік қорына құрамында ажыратылуы қиын, ұқсас дыбыстары бар сөздер кірмейді. Соның салдарынан бала өзінің жас мөлшерінен біртіндеп қала бастайды.
Алдыңғы себептердің салдарынан сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы қажетті дәрежеде қалыптаспайды. Фонематикалық түйсіктің, сөздің жалғаулықтары мен екпінісіз жалғаулары баланың көзіне шалынбайтыны түсінікті.
Сонымен, баланың сөйлеу тілінде фонетика – фонематикалық және лексика – грамматикалық сияқты тұтас тізбек кемістіктердің пайда болатынын көрсетуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, күрделі дислалияның нәтижесінде жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына себебші болатын фонематикалық түйсігі бұзылады, жалпы сөйлеу тілінің толық фонематикалық түйсігі бұзылады, ал жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауын мектеп жасына дейін жоймаса, онда оның зардабы келешекте баланың жазуы мен оқуының бұзылуына душар етеді. Міне дислалияның дер кезінде анықтап жоймаса кейбір жағдайларда ауыр зардапқа ұшыратуы мүмкін.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістіктерді 5 жасқа дейінгі мерзімде тексеріп анықтау қажет. Неге?
Дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған, әрі орнығып бекімеген жас бала сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлығын бірдей дұрыс айта алмайтындығы өзінен - өзі түсінікті. 4-5 жасқа дейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстарды бұрмалап айтуы жай деп саналады және бұны жастық немесе физиологиялық тіл мүкістігі дейді. 4-5 жастан кейінгі баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылып айтылуы патологиялық деп саналады. Сонымен дислалияның жоюдағы логопедиялық жұмысты дәл осы жастан бастап жүргізу керек.
Бірақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру сабағын бастамас бұрын баланың сөйлеу тілін тексеріп алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |