Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


«Күрекше» - жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше»



бет20/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
«Күрекше» - жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

  • «Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

  • «Түтікше» - жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

  • «Ожау» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

  • «Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

  • «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

  • «Алтыбақан» - жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

  • «Тәтті тосап» - жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

  • «Тоқылдақ» - ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет