ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Аралық бақылау
Тақырып: Бастауыш мектептегі Көркем еңбек сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.
Орындаған: Жеңісбек Гүлина
Тексерген: Байназарова Турсынай Бейсембековна
Алматы 2022 жыл
Бастауыш мектептегі Көркем еңбек сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы:
- қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
- Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
- өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
- зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға;
- оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
- жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
- эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;
- уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;
- оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.
Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
Қазақ тілі
Математика
Бейнелеу өнері
Дене шынықтыру
Дені саудың жаны сау
Өзім туралы
Дүниетану
Әдебиеттік оқу
Музикалық білім беру
Жаратылыстану
Көркем еңбек сабақтарында пәнаралық байланыстары
Еңбекке баулу сабағының басқа пәндермен байланысы Заттан қарап бейнелеу сабағында табиғат көріністерін,ондағы табиғи құ-былыстарды бейнелеу кезінде дүниетану пәнінен алған білімдері еске түсірі-ліп пайдаланылады немесе сол пәнге
байланысты мәліметтер беріледі. Таби-ғат көріністерінің сұлулығын оқушылар қиялында әсерлі елестету мақсатын-да ақындардың табиғат көріністерінен тамылжыта көркем бейнеленген поэзиялық шығармалары оқылып, ондағы кейбір сөздердің мағыналары оқушы-лардың өздеріне талдатылады. Онда оқушылардың ана тілі пәнінде алған бі-лімдерінің тереңдеуіне, бекітілуіне мүмкіндік туады, сонымен қатар жаңа сөздермен танысып, олардың мазмұнын, мағынасын ұғынады.Еңбек пәнінде шығармашылық шабытты оятып,образды елестетуде музыканың да рөлі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |