Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


Лекция 10. Сөйлеу тілінің жүйелік бұзылуы



бет40/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Лекция 10.
Сөйлеу тілінің жүйелік бұзылуы.
Алалия.
Афазия. Афазияның патогенезі.
АЛАЛИЯ
Сөйлеу тіліндегі акаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан бала тілі шықпаған мақау болады. Ондай баланың сөйлеу тілі логопедияның жәрдемінсіз өздігінен қалыптаспайды. Алалия дегеніміз гректің а – жоқ деген мағнада қолданылатынның латынның logos сөйлеу деген ұғымдарын білдіріп, ол бас, ми қабығының сөйлеу тілі аймағындағы іштен немесе баланың жас кезінде болатын органикалық зақымданудың салдарынан сөйлеу тілінің жетілмей қалуы немесе барлық жүйесінің толық дамымауынан болатын кемістік.
Алалик балалар педагогика тұрғысынан әр текті болып көрінеді де, ақаулықтары айқындық дәрежесі мен түзету жұмысының өнімділігі бойынша ажыратылады.
Алалия кемістігі бар баланың есіту қабілеті мен сөйлеу тілі мүшелерінің шеткі құрылыстарының сақталғандығы және сөйлеу тілінің жеткілікті түрде дамуы үшін ой өрісінің толық мүмкіншілігі бар екендігі байқалады.
Баланың мүлде сөйлей алмауы оның дұрыс жетілуін күрт тежейді және айналасындағылармен қарым-қатынасына нұқсан келтіреді. Осы жағдай қосымша сипат беретін ақыл ойының дамуын біртіндеп кешеуілдеуге әкеп соғады. Сөйлеу тілінің шама шарқына, пайда болуына және арнайы оқытудың ықпалымен ой өрісінің кешеуілдеуінің біртіндеп жойылатындығына қарай алалик балалардың олигрофен, яғни ақыл ойы кем балалардан елеулі айырмашылығы бар.
Сөйлеу тілінің қалыптасуындағы бұзылудың шығу, себебі орталық нерв жүйелерінің органикалық зақымдануына байланысты. Оған менинко-энцефалиттен, қызамықтан /краснуха/ және жарақаттанудан кейінгі асқыну; бас миының жарақаттан зақымдануы; ісіп қызаруы; ауыр және тез босанудың салдарынан миға қан құйылуы; ұрықтың құрсақтағы даму кезеңіндегі, босану кезеңіндегі, сондай-ақ баланың бір айлығынан жылдығына дейінгі кезендердегі зат алмасуының бұзылулары жатады. /Н.Н. Трауготт, В.К.Орфинская, М.Б.Эйдинова және басқалар/. Сонымен бірге балалардың алалиясы мешелмен қатты ауырғаннан кейін, тыныс жолдарының күрделі сырқаттарынан, өмірінің алғашқы айларындағы ұйқының және тағамның бұзылуынан пайда болуы мүмкін. /Э.Фрешельс, Ю.А.Флоренская, Н.И.Красногорский және басқалар/.
Үлкен жарты мидың сөйлеу тілі аймағындағы зақымдануын жайылтпаушылық артықшылығына байланысты алалияны қозғаушы моторный және сезгіштік /сенсорный/ деп екі түрге бөлуге болады.
Қозғаушы алалия сөйлеу тілі қимылдарындағы анализатор әрекетінің бұзылуына байланысты, ал сезгіштік алалия сөйлеу тілін есіту анализаторының бұзылуына байланысты болады. Бірақ қазіргі уақытта баланың алалиясының барлық көріністерінің әр алуан түрлерінің бұлай бөлінуі әлдеқашан жеткіліксіз болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет