Лекция 12. Фонетикалық-фонематикалық жетілмеу. Сипаттамасы. Түзету жолдары
ФОНЕТИКО-ФОНЕМАТИКАСЫ ТОЛЫҚ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРҒА СИПАТТАМА Мектепте оқитын ересек және орта жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбысатрды бұзып айту ақаулықтары. Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды, бір немесе бірнеше топтағы /мысалы, ызың, ызың және ысқырық, ызың және аффикатты/ дыбыстарды дұрыс айты алмайтындығы байқалады.
Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің дыбыстарды айтуы, сөздің құрамындағы буындық ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының қалыптаспағандығын көрсетті. Бұл сияқты ауытқулардың ерекшеліктері оқуы мен жазуында дағдылануын меңгеруіне қауіпті десек болады.
Фонетико-фонематикасының толық дамыдауын қалай түсінуге болады?
Фонетико-фонематикасының толық дамымауы дегеніміз ол қабылдау түйсігі мен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы.
Бұл жағдайды сипаттайтын негізгі көріністерді бөліп көрсетуге болады.
1. Жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауын бұндай жағдайда бір дыбыс, екі немесе тіпті үш дыбысты да алмастыра береді, мысалы, Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады.
2. Бір дыбыстардың басқаларымен алмастырылуы.
Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Бұндай айтылуы жеңіл дыбыстар баланың сөйлеу тілінде ерте жасынан-ақ пайда болады да, кез келген қиын дыбыстарды алмастыра береді. Мысалы, Л дыбысы Р дыбысын, Ф дыбысы Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.
3. Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерге қолданылуының тұрақсыздығын сипаттайды. Бала дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы, бала Р, Л немесе С дыбыстарын жеке тұрғандағысында дұрыс айтады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады. Мысалы, Айдар өзенге қармақ шалды.
Дыбыстарда алмастырулары мен шатастыруларынан басқа да айтылуында кемістіктер кездеседі. Бұл кемістіктер өздерінің ерекшеліктері жағынан аджыңғыларға қарағанда күрделірек. Мысалы, Р дыбысы қырылдап тамақтан айтылады. С дыбысы тістердің арасынан тілі шығып айтылады.
Сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуындағы бұл сияқты кемістіктер тәрбиешілер мен ата-аналарды ойландыру керек, себебі бұндай кемістіктер фонематикалық есіту қабілетінің толық жетілмегендігін дәлелдейді. Бұндай жағдайда оның қалыптаспағандығының дәрежесін анықтауға жәрдем беретін жүйелі тәсілдер бар:
- дыбыстардың дұрыс айтылуы мен бұрыс айтылуының айырмашылығын өзінің және бөтеннің сөйлеу тілінде анықтау. Балалар өздерінің юұзып сөйлеген сөздерін басқалардың сөздерінен көбінесе айыра білмейді. Бұл есіту қабілетінің дыбыстарды нашар ажырататындығын білдіреді;
- па-по-пу; па-ба-пу деген сияқты айтуға жеңіл буындар тіркесін ересектердің артынан қайталайды. Құрамында қарама-қарсы дыбыстары бар және ажыратуы қиын дыбыстары қатар келген буындарын қайталау қиындық туғызады;
- С дыбысының жеке өзін Т, Щ, Ч, Ц, З, С, Ш, Р деген сияқты тізбектелген дыбыстардың ішінен бөліп алу;
- керекті дыбысы бар буында тізбектелген басқа буындардың ішінен алу /мысалы, са буынын за, ша, са, ча, ща, са буындардан/;
- сөздің ішінен керекті дыбысты бөліп алу /мысалы, С дыбысын сағат, шапан, қасқыр, мысық, тышқан, шаша, тас, бас сөздерінің ішінен/. Бұндай тапсырмаларда баладан дыбысты айтуды талап етпейді, себебі ол қиналып қалуы мүмкін, ең маңыздысы сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қалай түсініп қабылдайтындығын анықтау.
Сондықтан бала берілген дыбысты естігенде қолын көтеріп немесе сол дыбыс таңбаланған суретті көрсетіп ықыласын білдіруге тырысады.
Аталған тапсырмалар айтылуында ақауы бар дыбыстарды түсіну мүмкіндігін анықтауға үлкен жәрдемін тигізеді. Көп жағдайларда түсінігінде сақталған, демек сөйлеу тілінде қажетті тәртіппен айтылып төселген дыбыстардың бұзылатыны немесе қажетті дәрежеде жетілмей қалатындығы жиі кездеседі.
Бұл топқа кіретін балалардың сырттай тәп-тәуір айтылатын дыбыстарын тексерген кезде көңіл аудармағандықтан еленбей қалғанын түсініп қабылдауында әжептәуір қиындықтар байқалады. Нақ осындай балалардың айналасындағылар үшін күтпеген жерден оқу мен жазу үлгермейтіндер болып шыға келетіндері жиі кездеседі.
Фонематикалық есіту қабілетінің толық дамымауы балалардың сөзді дыбысқа талдауында дайындығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сонымен балалардың қиналатындары:
а) бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты бөлгенде бірінші буынды немем тұтас сөзді атайды;
б) ішінде берілген дыбысы бар сөздермен айтылатын бейнелі суреттерді іріктегенде, балаға ішінде керекті, керексіз және керекті дыбыспен шатастыратын дыбыстары бар сөздермен аталатын бейнелі суреттердің жиынтығын ұсынады;
в) ішінде берілген дыбысы бар сөзді өздігінен ойлап табу және оны атау.
Бақшада арнайы ұйымдастырылған оқыту жұмысындағы фонетико-фонематикасының толық дамымауын уақытында анықтауды олардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды түзетіп қана қоймайды, сонымен бірге мектепке оқуға да толық дайындайды.