Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


АФАЗИЯНЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ



бет44/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
АФАЗИЯНЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негіздегі оқыту пайдаланылады /көрнектілігін, түсініктілігін, саналылыған және басқалар/, алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудің үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар, жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама құрылған. /А.Р. Лурия, 1969, Л.С. Выготский, 1984/, педогогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізі төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.
1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педогогикалық түзету жұмысының тәсілдерін таңдау кезегңе немесе сатыға байланысты. Инсульттан кейінгі алғашқы күндеріндегі жұмыс сөйлеу тілін қалпына келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысуы арқылы жүргізеді. Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы кезеңде қалпына келтірілген эфферентті моторлы афазиядағы кездесетін литеральды парафазия сияқты тілінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру тәсілдерін пайдаланады. Сөйлеу тілі міндетін қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға тілін түзету жұмысының жолын және жоспарын түсіндіреді, тілін түзету жұмысына пайдалануға болатын көрнекі құрал беріледі.
2. Педогогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу тілі қызметінің сақталған бөлімдерін қайта құруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды ұйғарады. Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру барысы сақталған оптикалық және кинестетикалық қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады, ең бастысы, дыбыстығының жақындығы бойынша сөздерді мағынасына қарай ажырату /дифференциялау/.
3. Алғашқы нейропсихологиялық алғы шартының қандайы бұзылғанына қарамастан афазияның кез келген түріндегі сөйлеу тілінің: сөйлеу мәнері, түсінуі, оқуы және жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс жүргізіледі.
4. Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тілінде өздігінен бақылауы дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас қызметі қалыптасады. Тек аурудың өз қатесін түсінген жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау үшін, әңгімесін жоспарлау үшін, литеральды және сөздік /вербальный/ парафазияны түзету үшін жағдай туғызуға болады.
5. Афазияның барлық түрлеріндегі сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркесиеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы тіректі жан-жақты пайдаланады. Бұндай тірекке динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлемдердің жалпы нобайы және /фишка/ тәсілдері, афазияның басқа түрлерінде дыбыстардың артикуляциясын көрсетерін нобайын /схема/ таңдау жолы импрессивтік аграмматизмді жою үшін пайдаланатын жалпы нобайы жатады.
Сөйлеу тілі қызметінің бұзылуын қалпына келтірудің жетілдіру барысы /динамика/ зақымданған жерінің орнына және көлеміне, афазияның түріне, қалпына келтіруді бастап оқыту мерзіміне және аурудың преморбидниялық деңгейіне байланысты.
Бас миы қан тамырларының тромбоэмболия тамырлардың бітеліп қалуының қанның ұюы болған кездегіге немесе мидың зақымдануына қан құйылу салдарынан пайда болағн афазияларда аурудың сөйлеу тілі жақсы қалыптасады.
Мектеп жасындағы балалар мен ересектерге қарағанда 5-6 жастағы балалардың /көп жағдайларда зақымдануынан пайда болған/ афазиялық бұзылуы тезірек түзеледі.
Педогогикалық түзету жұмысы инсульттік /ми қан айналымының бұзылуынан талма ауруына шалдығуы/ немесе зақымданудың бірінші аптасының бірінші күнінен бастап дәрігердің рұқсатымен және оның бақылауымен жүргізіледі. Оқыту жұмысының ерте басталуы патологиялық симптомптардың белгілерін болдырмайды және мақсатқа лайықты жолмен қалыптастыруға бағыттайды. Психикалық қызметінің бұзылуын қалпына келтіруге ұзаққа созылған логопедиялық жұмыстың арқасында жетеді.
Афазияны түзетуде логопедиялық жұмысты жеке баламен де, топ балалармен де жүргізеді. Логопедиялық жұмыстың жеке баламен айналысатын түрі негізгі болып саналады, себебі тек осындай жұмыс қана аурудың сөйлеу тілінің ерекшелігін есепке жиі-жиі алып тұруды, оның өзімен тығыз байланысын қарым-қатынас жасап тұруды және де психотерапевтикалық ықпал жасауға мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Инсульттан кейінгі алғашқы кезеңдегі әрбір оқу жұмысының өткізетін уақытының ұзақтығы орта есеппен 10 минуттен 15 минутке дейін күніне 2 рет, ал одан кейінгі кезеңдерде 30 минуттен 40 минутке дейін аптасына кем дегенде 3 рет болады. Сөйлеу тілі бұзылуларының түрлері бір тектес және сөйлеу тілін қалпына келтіру сатысы бірдей болып келген балаларды топтап жүргізетін логопедиялық жұмыстың уақыт ұзақтығы 40-50 минут болады. Аурудың қиындығына байланысты логопед оның жеке басының ерекшелігін туыстарына айтып түсіндіру міндетті. Өзінің шамасына қарай үйіндегі тірлікке міндетті түрде араласып тұруын нақтылы мысалдармен түсіндіреді. Сөйлеу тілі қалпына келтіру жұмысы бойынша нұсқаулар беріледі.

Бақылау сұрақтары.


1. Афазияның себептері айтыңдар?
2. Афазияның қандай түрлері болады?
3Алалия қандай себептердің салдарынан пайда болады?
4.Алалия тумысына ба әлде кейіннен пайда болған кемістік пе?
5. Алалияның қандай түрлері бар? Олардың бір-біріне айырмашылығы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет