Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері



бет46/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТЕКСЕРУ
Мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуын тексеру кезінде сөз байланысын дағдыландыруын: енжер және белсенді сөздік қорының көлемін; сөйлеу тіліндегі грамматикалық құрылыстың қалыптасу дәрежесін; сөйлегу дағдылануын; фонетикалық есіту және түйсіну қабілетін қарастырады. Тексеруді ойын ойнату барысында жүргізген тиімді.
Сөйлеу тілі жүйесінің бір бөлігіндегі ауытқудың қалыптасуын анықтап қана қойиай, осы бұзылудың ерекшелігін дұрыс сөйлеу тілінің жүйесімен салыстыра отырып талдап шығу қажет.
Баланы тексеруді бастардың алдында оның физикалық естіу қабілеті мен ой-өрісінің /маманның қорытындыс/ жағдайы туралы мәлімет қолда болу керек, сөйлеу тілі дамуының бұған дейінгі деректерімен танысып шығу қажет /тілі қашан шықты, сөйлемді қашан құрап сөйлей бастайды/.
Ата-анасымен алдын-ала жүргізген әңгімеде логопед: баланың қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын, бақшаға баратын, бармайтынын, айналасындағы онымен сөйлесіп жүргендердің сөйлеу тілі дамуының сәттілігін, ата-анасы баланы тәрбиелеумен қалай айналысатынын, баланың сөйлеу тілі дамуы барысында оларды мазасыздандырып жүрген күдіктерін /сөзді нашар түсіну, синтаксикалық құрылыс пен грамматикалық тұлғаны қолдануды білмеу, сөйлегенде дыбыстарды қателесу/ анықтайды. Бұрын логопедке қаралған-қаралмағанын, егер қаралса логопедияның көмегімен қандай болғанын білу қажет.
Баланың сөйлеу тілі туралы логопед бірінші әсерін оның өзімен әңгімелескеннен кейін алады. Әңгімеге қатысты қойылған сұрақтарды баланың жас мөлшеріне және дербес өзгешелігіне қарап іріктеп алады. Қойылған сұрақтар ең алдымен айналасындағы тіршіліктің шындығын бағдарлауға дағдыланғандығын білуге бағытталуы тиіс /баланы өзі туралы, оның үйелмелісі туралы, бала-бақша, жолдастары, ойыншықтары туралы/.
Балаға қойылатын сұрақтар тек қана қысқа жауап емесе, кеңейтіп те берілуін ескертеді. Мысалы: «Атын кім? Әкеңнің аты кім? Жасың қаншада? Қайда тұрасың? Бала-бақшаға қалай барасың? Үйелмелінде қанша адам бар? Әкең мен шешең немен айналысады? Сенің қарындасың, апайың, ағайың, інің қанша? Олардың жастары қаншада? Бүгін ауа райы қандай? Сен бүгін үйде /бақшада/ қандай тамақ іштің? Қыста жазда қандай киім киесің? Қандай ойынды, кіммен ойнағанды жақсы көресің? ОРманда қандай аңдар жүреді? Қоян түбіті қыста неге түлейді?» т.б.
Әңгіменің барысында анықталатыны тілмен жатық сөйлей ме, жоқ әлде жеке сөздерді бөлшектеп айта ма, бала қалай тез әңгімеге тартылып кісімен еркін сөйлеседі. Грамматикалық тұлғаны қолданудың дұрыстығын, сөздігін көлемін, дыбыстық айтылу жағдайын айқындау үшін әңгімені соған ыңғайлап құру керек. Ол үшін балаға таныс тақырыпты таңдау ұсынылады /жабайы және үй жануарлары, киім, төсек, ыдыс, көлік/, сонымен, жануарлар бейнеленген суретті қарап отырғанда баланың енжер және белсенді сөздігін, грамматикалық дағдысын айқындауға бағытталған сұрақтар қойылады. Мысалы: «Қандай үй жануарларын және жабайы жануарларды білесің, аттарын ата?» Кірекейді, тиінді, көжекті көрсетші. Аюдың денесі немен жабылғанын айтшы. ТҮлкі мен тиін қайда жүреді? Иттің, шошқаның, сиырдың жылқының балаларын не деп атайды? Олар немен тамақтанады? Олар қалай және немен қорғанады? Түлкі туралы не айтуға болады? Ол қандай?
Лексикалық қорын тексеру кезінде зат есімнің, сын есімнің, етістіктің сандық қорын айқындау ғана емес, сонымен бірге оларды сөйлеу тілінде өз бетінше қолдануын тексеру маңызды. Ол үшін балаға имағынасы бойынша жетпей тұрған сөзді қосып, сөйлемді аяқтауды ұсынады. Мысалы: «Түлкінің құйрығы ұзын, ал қоянның...... қысқы».
Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық дұрыстығын тексеру кезінде қажетті грамматикалық тұлғаны пайдаланып сурет бойынша, сұрақ бойынша сөйлем құрастыру, көрсетілген сурет бойынша қимыл – іс әрекеттерді бейнелеп жазу, берілген сөзді керекті септікке келтіріп, сөйлемді толықтырып айту сияқты тапсырмалар беріледі. Мысалы: Самғат қайда барады? Самғат кіммен барады? Қайдан келеді? т.б.
Сын есім мен сан есімді зат есіммен байланыстыра алатындығын, зат есімнен тәуелді сын есімді, мағынасы кішірейтіліп – еркелетіп көрсетілетін зат есімді жасай алатындығын тексереді.
Балалармен ойындар өткізуге болады: «керісінше» ойыны. Логопед: мен бір сөз айтам, сен маған керісінше жауап бересің. Мысалы: биік – аласа, жарық – қараңғы, жуан – жіңішке,т.б, «аз – көп» ойыны. Мысалы: ойыншық – ойыншықтар, бала – балалар, үй – үйлер,т.б.
Баланы бақылау барысында дыбыстық айтылу жағдайы айқындалады. /Фонетикасын арнайы тәсілмен тексерілгені жөнінде осы оқулықтың «Дислалия» деген тарауында егжей – тегжейлі жазылған/.
Баланың фонематикалық есіту қабілетін тексеру үшін мынадай тапсырмалар беріледі:
а/ дыбыстары дұрыс айтылған бірнеше буындарды /па – ба – па – та – да – де сияқты түрлерін/ қайталау және жадында сақтау;
б/ берілген дыбыс бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;
в/ берілген дыбысы бар суретті іріктеп алу;
г/ берілген бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу.
Байланысты сөзді тексеру үшін қозғалмайтын және қозғалмалы суреттерді пайдаланады. Жеке сурет және сериялы суреттер бойынша әңгіме құрастыру үшін баланың жас мөлшеріне қарай, осы жастағы жәнеде оданда төменгі жастағы топтардың бағдарламасының талабын, сонымен қатар бөбектің сөйлеу тілі мен психикасының ерекшелігін ескеріп іріктеуді ұсынды. Суретті мұқият қарап шығуға алдын ала уақыт береді, оның мазмұны бойынша әңгіме өткізеді, жеке сөздердің мағынасын анықтайды. Одан кейін әңгімеге жоспар жасауды ұсынады, егер бала қиналатын болса /ол тапсырманы түсінбеуі мүмкін/, логопед әңгіменің үлгісін береді. Бала оны қайталайды. Содан кейін басқа материалдан соған ұқсас тапсырма беріледі.
Байланысты сөзді тексеру үшін «Біз ойнаймыз», «Үй және жабайы жануарлар» деген сияқты, сонымен қатар «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің мүкістігін түзетуге арналған дидактикалық материял» деген суреттердің ішінен алуды ұсынады:
Баланың сөйлеу тілі құрылысының дұрысын да, дұрыс емесін де сөздік анықтамаға жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет