Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет10/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар

2. Мәдениет және менталитет.

Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде "сана" мен "ақыл" ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қарсылығын жою ретінде дүниеге келді.

Менталитет - әлеуметтік немесе этникалық топтарға, халыққа, ұлтқа тән ой, эмоция, мәдени ерекшеліктер, құндылықтар мен ұстанымдар жиынтығы. Оған қоса бұл термин жеке адамның дүниетанымын, ойлау пайымын сипаттау үшін қолданылуы мүмкін. 

Менталитет ұғымы кең әрі бір бойына түрлі адамдар тобының көзқарасы, құндылығы, мінез-құлқы, ұстанымдары, дініне байланысты көптеген ерекшеліктерді қосады. 

Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқан психоаналитиктер Зигмуңд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды. КТ.Юнг өзінің 1912 жылы жарық көрген "Метаморфозы и символы либидо" атты еңбегінде адамның түс көруіне мифтің, фольклордың әсері барын айтқан. Адамдар түсінде мифтік кейіпкерлерді, өткен ұрпақ өкілдерінің бейнелерін көретінін, түстің бұрынғы құндылықтармен байланысын дәлелдеген. Адам психикасында жеке бейсаналықтан тысқары ұжымдық бейсаналықтың өмір сұретінін және оның адамдар миының терең қабаттарында орналасатынын айтқан. Оны "архетип" деп атаған. Оның ұрпақтан ұрпаққа бейсаналық түрінде беріліп отыратынын, жекелеген ұлт өкілдерінің мінез-құлқында, іс-қимылдарында, ойлау жүйесінде, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктерінде байқалатынын айтқан. Жалпы менталитет мәселесі батыс ғалымдары Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндікүлес қосқан француз тарихшысы Ж. Левефра болды. Ол 1789 жылы француз деревнясын қамтыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың негізін ұжымдық менталитеттен іздеу керектігін айтқан. Француз деревнясындағы жаппай психологиялық үрейдің көзін және революциялық пиғылдағы адамдардың мінез-құлықтарын зерттей келіп, олардың талаптары мен ұсыныстары астарында және ұстанылып отырған идеологиясы мен саясаттары негізінде ұжымдық менталитет жатқанын көрсеткен. Сонымен бірге, ол ұжымық менталитет негізінде биологиялық қасиеттердің жатқанын адамдардың құндылықтарды таңдауына әсер ететінін дәлелдеген. «Аннал» мектебінің негізін қалаушылардың бірі, тарихшы Л. Феврдың айтуынша менталитет негізінде ешқандай биологиялык себеп жоқ. Адамдардың биологиялық қасиеттері менталитет негізі бола алмайды деген ой айтады. Оның пікірінше, менталитет негізінде өткен ұрпақтың дүниені қабылдау дағдылары, құндылықтар туралы ойлау ерекшеліктері жатады және оны жұрттың бәрі сезе білмейді дейді. Қоғамдық қатынастар жиі өзгеріп жатқанда менталитеттің өзгеруі өте ұзақта, ықтималды тұрақты процесс. Басқаша айтқанда менталитеттің өзгеру негіздерін әлеуметтік тарихи ортадан, мәдени үрдістерден іздеу керек деген. Менталитет мәселесі Э.Фроммның еңбектерінде де зерттелген. Ол өзінің атақты "Еркіндіктен безу" атты еңбегінде ұжымық менталитетті әлеуметтік мінез" ұғымымен тең деп қарастырған. Ол ұжымық менталитетті экономикалық, әлеуметтік және психологиялық қатынастардың өзара байланысы негізінде қарастыра келіп, адамдардың саяси-экономикалық белсенділігі осы "үштікке" байланысты екенін айтқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет