Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет9/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар

Лекция 3. МӘДЕНИ IЛIМДЕР

1. Мәдениет құндылықтар дүниесi ретiнде.

2. Мәдениет және менталитет.

3. Мәдениеттегi дәстүршiлдiк пен жаңашылдық.



1. Мәдениет құндылықтар дүниесi ретiнде. Кез келген мән тар мағынасында құндылық болып табылады. “Құндылық” ұғымының көптеген анықтамалары бар.

Құндылық белгілі бір мәдениетте жалпылама қабылданған норма ретінде ұғынылады.

Т. Парсонс құндылық дегеніміз тілекке сәйкестілік туралы көзқарас деп атаған. Ол адамның іс-әрекетінің балама таңдауына әсер етеді. Дегенмен, мынаны да есте ұстаған жөн, бірінішіден, мәдениет тек қана оң құндылықтардан ғана тұрмайды.

Мәдениеттануда құндылық ұғымынсыз бірдеңе жасау қиын. Себебі құндылықтар тек белгілі бір тарихи-мәдени контекст шеңберінде ғана бір жүйеге ұйымдасады, сөйтіп, сол мәдениеттің мәйегін құрайды. Мәдениеттің көптеген анықтамаларының арасында және оны талдауға қатысты ұстанымдар арасында мәдениетті құндылықтар, нормалар мен институттар жүйесі деп түсіндіретін анықтама мен ұстанымның болуы да кездейсоқ нәрсе емес.

Құндылықсыз мәдени өмір болуы мүмкін емес. өйткені олар қоғамға қажетті реттілік пен алдын ала айтып болжауға келетіндік қасиет береді. Мәдениетте қордаланған құндылықтар жүйесі арқылы адам іс-әрекетін реттеу жүзеге асырылады.

Әрбір мәдениеттің өзінің бірегей, қайталанбас құныдылықтық ядросы болады. Онда әлгі мәдениеттің хронотипі көрінеді, яғни оның әлемдегі орналасу ерекшелігі бейнеленеді (Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс, континенталды (құрылықтық), теңіздік, таулық, жзықтық және тағы басқа). Онда мәдениеттің дүниежүзілік тарих толқынындағы ағысы әрі қордаланған тарихи тәжірбиесі танылады. Сол ядроның болуының арқасында берілген мәдениеттің біртұтастығы, оның қайталанбас бет-бейнесі жасалады. Мәдениеттер өзінің тіршілігінің үзіліссіз жасалуын өзінің құндылықтарының түрөзгеруі нәтижесінде қамтамасыз етеді. Мәдениеттің өміршеңдігінің шарты - оның әмбебап және өзіндік құндылықтарының тиімді деген қатынаста қабілетті болуы. Ол, бір жағынан, өзіндік біртуарлықты сақтап қалуға, ал, екінші жағынан, өзге мәдениеттермен қарым-қатынасқа түсуге негіз болады.

құндылықтар – мәдениеттің негізі мен іргетасы. Олар мәдениетте терең тамырланған және де өзінің маңызды реттеуші рөлін жалпы мәдениет деңгейінде болсын, сол сияқты, тұлға деңгейінде болсын орындайды. П. Сорокин айтпақшы, “терең тамыр алған құндылықтар жүйесі бар адамдар... кез келген қиындыққа мойымай, оны қасқая қарсы алады. Бұл оларға мүлдем ешқандай біртұтас құндылықтар жүйесі жоқ адамдар әлде негізінен пенделік құндылықтарға, яғни “шарап, әйел мен ән-жырдан” бастап байлық, атақ және билікке ғана иек артқан құндылықтар жүйесі бар адамдардан гөрі әлдеқайда оңай болмақ. Ондай құндылықтар тығырыққа тіреген дағдарыстар нәтижесінде жойылады, ал оларды ұстанушылар толығымен бонкрот болады, шеттетіледі және бейшара күйге түседі – не өмірлік мақсат жоқ, не ешбір сүйемел жоқ. Ал трансценденталды құндылықтар жүйесі бар әрі имандылық парызын терең сезінген жандар бірде бір адам, бірде бір апат олардан ештеңе тартып ала алмайтындай құндылықтарға ие. Қандай жағдай болмаса да - ондай адамдар ақыл-ой анықтығын, адамдық қадір-қасиетін, өзін-өзі сыйлауын және парыз-борыш сезімін сақтап қалады. Осындай қасиеттері бар адамдар кез келген сыннан өте біледі.”



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет