Лекция 2. МӘДЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ
1. Мәдениет ұғымы және оның мәні.
2. Мәдениеттің құрылымы мен функциялары.
3. Мәдени кешендер, оның негізгі нысандары мен түрлері.
4. XX ғ. мәдениеттану ғылым саласындағы негізгі мектептер.
Лекцияның мазмұны: «Мәдениет» дегеніміз не? Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда “культура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.ә,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро – мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
«Мәдениет» түсінігі ежелден бері түрлі мазмұнда қолданылады. Ежелгі Римде жер өңдеуді, тәрбиені, білім беруді «cultura» деген сөзбен ғылыми тілде қолданған. XYIII ғ. Еуропа ғалымдары мәдениет түсінігін осы күнгі мағынада қолдана бастады. Оны Д. Вико, Й.Г. Гердер, Ш. Монтескье шығармаларынан көруге болады. Бұл дәуірде жаңа жерлердің, елдердің мәдени құндылықтарымен танысу мүмкіндігі кеңейе түскен. Сондықтан алыс елдердің өмір қалпының өзгешеліктері еуропалықтардың мәде-ниеттерді салыстыруға қызығушылығын күшейтті. XIX ғ. 2-ші жартысында «мәдениет» түсінігі ғылыми мәртебе иеленеді. Егерде Ағартушылар дәуірінде бағалаушылық қырынан ғана қарап ол қоғамның жоғары даму деңгейін білдірсе, енді оның мағынасы күрделене түсті. «Мәдениет» түсінігі «өркениет», «қоғамдық-экономикалық формация», «Жаһандық аймақтану» ұғымдарымен қиылысып жатады.
Мәдениет түсінігіне ғылымның түрлі саласында көптеген анықтаулар берілді. Соның ішінде ағылшын этногрофы Э.Тайлор 1871 ж. Біршама сәтті анықтама берген. «Мәдениет, этногрофиялық кең мағынада ол өзіне білімдерді, сенімдерді, өнерді, өнеге-ғибратты, заңдарды, әдет-ғұрыптарды тағы басқа қоғам мүшесі ретінде адамның иеленетін және қолы жететін қабілеттері мен дағдыларын кіргізетін біршама тұтастық».
Жалпы алғанда, француз антропологы К.Леви-Стростың пайым-дауы мәдениет ұғымын толық ашады. Ол мәдениетті «табиғилықтан» таңдалып алынған, адамның өзінің қажеттілігіне айналдырған жасанды ортасы ретінде көрсетеді.
XYIII ғ. Д.Вико, Ш.Монтескье т.б. көрсеткендей, ол адамның іс-әрекетінің үдерісі арқы-лы табиғатты өзгертудің өнімі болып табылады. Қазіргі дамыған мәде-ниетті талдау ерекшелігі бойынша назарды әлеуметтік-мәдени обьекті-лер мен үдерістерден адамға қарай бұрды. Мәдениеттің социологиялық талдауы адамдардың мәдени обьектілерді игерудің, пайдаланудың және жасаудың нысандары мен тәсілдерін қоғамдағы әлеуметтік және аумақтық үйлестірілуін зерттеуге мүмкіндік береді. Осыдан әр түрлі әлеуметтік топтардың мәдени өмірге және оның қозғалу бағытына қосқан үлесі анықталды.
Американдық антропологтар А.Кребер мен К.Клакхон “Мәдениет. Ілімдер мен анықтамаларға сыни талдау” атты, әлі орыс тіліне аударылмаған кітабына сүйене отырып мәдениеттің 150 анықтауларын талдап, оларды 6 негізгі тұрпатқа бөлді.
1. Суреттеме анықтаулар. Бұрын Э.Тайлор сияқты мәдениет түсінігін қамтитынның бәрін атап шығуы жатады.
2. Тарихи анықтаулар. Мұнда ерекше көңіл аударылатыны әлеуметтік мұралану дәстүрі. Мысалыға Э. Сепир берген анықтаманы келтірейік: мәдениет ол-«біздің өмірдің арқауын құрайтын, әлеуметтік мұраға қалған қызмет пен сенімдерінің кешені».
Тайпаның мәдениеті тайпа қолданатын бір қалыпқа келтірілген нанымдар мен тәжірибелердің жиынтығы болып табылады. Философ Т.Карвердің берген анықтамасына сай «мәдениет – ол адамның жоғары қабілеттерін тұрақты жүзеге асырылуы барысындағы артық қуатының шығуы». «Мәдениет, У. Томас пайымдауына сай, - ол тағылар туралы ма, жоқ өркениетті адамдар жөнінде ме сөз болғанына тәуелсіз, кез келген адамдар тобының материады және әлеуметтік құндылықтары (институттар, әдет-ғұрыптар, ұстанымдар, мінез-құлықтық әсер-ленулер)».
4. Психологиялық анықтаулар үш бағыттың біреуіне көңіл бөледі: а) не ортаға бейімделу үдерісіне; «Мәдениет немесе өркениет деп адамның оның өмірлік жағдайларына ыңғайланулар жиынтығын айтады... Бұл ыңғайланулар түрлену, сұрыптау және мұраға беру сияқты амалдардың үйлестірілуі жолымен қамтамасыз етіледі.»
5. Құрылымдық анықтауларда назарды мәдениеттің құрылымдық ұйымдасуына бөледі. «а) мәдениеттер – ол түптің түбінде қоғам мүшелерінің ұйымдастырылған қайталанатын әсерленулерінен басқа ешнәрсе емес; ә) мәдениет – ол осы қоғамның мүшелері ұстанатын және оларға мұраға берілетін оның құрылымдық бөліктерінің үйретілген мінез-құлықтың және жүріс-тұрыстың нәтежелерінің үйлестірілуі ».
6. Генетикалық анықтаулар мәдениетті оның пайда болу тұрғысына қарайды.
Сонымен, мәдениет – ол парасатты адамға тән, материалды обьектілер мен ажырамас байланыста қаралатын жүріс – тұрысы. Яғни адамның бірінші табиғаттан алып жасалған «екінші табиғаты» - адамның өзі тұратын әлемі. Қоғамдағы қабылданған ережелерді мойындаған ол өз жүріс – тұрысын мәдени үлгілерге бағындырады. Адамың өмірлік тәжірибесінің қалыптасуы онсыз мүмкін болмас еді.
Мәдениетті игеру барысында адам өзін танып жетілдіреді, өйткені ол адамдардың шығармашылық қызметінде жасалатын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығын меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |