4. XX ғ. мәдениеттану ғылым саласындағы негізгі мектептер. Мәдениетке деген түрлі ұстындар белгілі бір мәдениеттанулық мектептердің шектерінде қалыптасты. Негізгі мәдениеттанулық мектептердің қатары:
мәдени-тарихи мектеп
социологиялық мектеп
рәміздік мектеп
құрылымдық мектеп.
Қазіргі мәдениеттік зерттеулерде тарихи-философиялық бағыттың шектерінде жинақталған білімдердің маңызы зор болды. Олар Кант, Гегель, Гумбольдтан бастау алады, бірақ бұл мектептің көрнекті өкілдері ретінде О. Шпенглердің, А. Тойнбидің, К. Ясперстің, Н.Я. Данилевскийдің есімдерін атап өткен жөн.
ХХ ғасырдың бірінші бөлігінде батыстық мәдени антропология шеңберінде мәдени-тарихи мектеп пен француздық “Анналдар мектебі” қалыптасты.
Мәдени-тарихи мектепте, мәдени динамиканы инновацияларды қабылдап алу және тарату арқылы мәдениеттердің өзара әсерінің нәтижесі ретінде қарастыратын, диффузионизм бағыты дамиды. Этнограф Ф. Гребнермен, сол немесе басқа мәдениетте пайда болатын, суға тасталған тастың толқыны сияқты таралатын, түрлі тектегі мәдени формалардың “мәдениеттер айналымдары” теориясы соларға сәйкес тұжырымдалды.
Француздық “Анналдар мектебі” (Ле Февр, М. Блок, қазір олардың ізбасары Бродель және т.б.) адамзаттың әлеуметтік-мәдени тарихын зерттеудің жүйелік–модельдік, типологиялық, кроссмәдени методтарын пайдаланды. Олардың жетістігіне макротарихи құрылымдар мен оқиғаларды емес, ал “күнделікті тарихтарды” - өмір салттарын, дәстүрлерді, әлем суреттемелерін, ментальдық формаларын зерттеу жатады, этнографтардан ерекше, олар шаруа мәдениетін емес, ал қалалық тұрғындар мәдениетін зерттейді. Соңғы уақытта “Анналдар мектебі” әлеуметтік ғылымдар әдістеріне көбірек сүйеніп келеді.
Мәдениетті зерттеудің ерекше ұстындары социологиялық мектеп шектерінде қалыптасты. Оның негізін қалаушы деп, отандық ғылым, 1923 жылдан АҚШ-та тұрған, қоғам мен мәдениетті олардың тығыз бірлігінде (осыдан “әлеуметтік-мәдени” термині) қарастырған және де адамдық әрекеттің барлық жақтарын, осы тұрғыдан қарастыру керек деп есептеген, Питирим Сорокин (1889 - 1968) саналады.
Мәдениетті талдаудың социологиялық үлгілері американ социологі әлеуметтік антропология негізін қалаушылардың бірі, Толкотт Парсонстың (1902 - 1974) еңбектерінде кездеседі. Онымен, онда мәдениет адамдық әрекеттің организмдік (әрекеттің биологиялық құрастырушысы) тұлғалық (жеке-дара психикалық қасиеттер, мұқтаждықтар, эмоциялар, жігер), әлеуметтік (әлеуметтік ролдер, функциялар, қылықтық күтімдер) бөліктерімен қатар төрт жүйелігінің бірінің орнын алатын, әлеуметтік әрекет ілімі жасалды.
Социологиялық мектеп өкілдерінің қатарында неміс социологтары Макс Вебердің (1864 - 1920) және оның інісі Альфред Вебердің (1868 - 1958) есімдерін атап өткен жөн. Макс Вебер адамдардың әлеуметтік әрекетінің мәдени мағыналарын айқындады. Мәдениеттану үшін оның ең құнды еңбегіне “Протестанттық этикалық және капитализм рухы” жатады, онда М. Вебер, белгілі бір діни жүйелер шектерінде қалыптасқан, мәдени нормалардың шаруашылық мәдениетіне, әлеуметтік экономикалық дамудың сол немесе басқа бағытын таңдауға енгізетін әсерін талдайды.
Веберлік мұраның тағы бір құнды жағына идеалды тип ілімі жатады. Бұл ұғымды бірінші болып неміс заңгері Г. Еллинек енгізгенімен, осы идеяның толық дамуын М. Веберден таба аламыз. Зерттеушілер бұл әдістемені әлі күнге дейін мәдени-әлеуметтік өмір құбылыстарын талдауда пайдаланып келеді, өйткені ол, онымен әрбір ғалым істес болатын, орасан зор тарихи-мәдени және басқа да материалды ретке келтіруге, типтендіруге себебін тигізетін, ұғымдық құрылымдарды жасауға мүмкіндік береді. “Біздің биліктеріміздің берілген деңгейіне және ретсіз ұғымдар жиынтығына, оларды біз өзіміздің ғылыми мүдделерімізге енгізгендіктен, тәртіп орнықтыру қажет” (Вебер М. Избр. произ. М., 1990, с. 406.) дегеннің мағынасы осында.
А. Вебердің мәдени-социологиялық ілімі қазіргі жалпы дағдарыс идеясының төңірегінде құрастырылады. Оның жұмыстарында, бір жағынан О. Шпенглердің идеяларының, ал сонымен қоса экзистенциалистер М. Хайдеггер мен К. Ясперстің ықпалдары, бірақ, басқа жағынан – үлкен ағасына деген оппозиция анық байқалады. Ол, ода тарих өзара байланысты, бірақ сонда да ерекшеленетін заңдарға ие процестерден: әлеуметтік (олардың шектерінде әлеуметтік институттар қалыптасады және әрекет етеді), өркениеттік (әмбебапты сипатқа ие, ғылым мен техниканың дамуы) және мәдени (шығармашылық, дін, өнер, философия) тұратын, төлтума ілімді ұсынды. Бұл процестердің динамикасы бір мемлекет шеңдерінде де түрлі бағытта жүре алады, немесе түрлі үрдіске ие болады. Ол көп сатылы эволюция түрінде болатын, әрі әрбір кейінгі сатысы алғашқысымен байланыста болатын,
әлемдік тарихтың тұтас көрсету талпынысы, оны эсхатологиялық тұжырымдарға жеткізеді. Шындықты мәдениеттанулық түсіну үшін, әрине, оның “мәдениет” және “өркениет” ұғымдарының ара қатынасы туралы пайымдары да пайдалы. Оларды А.Вебер мәдениет эволюциясының екі фаза ретінде де емес (О.Шпенглер мен Н.Бердяев бойынша) зерттейді, өркениет, оның ойынша, мәдениеттің өлімі емес, олар адамдық болмыстың екі түрлі бітімдері болып табылады.
Соңғы онжылдықтардың интенсивті дамып келе жатқан құрылымдық рәміздік ұстынның көптеген тармақтарын қолдаушылары бар. Алайда олардың бәрі тіл мәселесі төңірегінде шоғырланады және бұл әбден кездейсоқ емес, өйткені міне осы тілде және тіл арқылы мәдени тәжірибе іске асады. Бұл бағыт швейцар тілтанушысы Ф. Де Соссюрдың (1857-1913) еңбектерінде алғаш рет көрініс тапты, ол бірінші болып тілді, оны кез келген басқа таңбалық жүйелерге теңдестіре отырып, таңбалық жүйе деп анықтады және оны ерекше ғылым - социология шектерінде зерттеуді ұсынды. Соссюрдің тіл мәселесін тек лингвистика шектерімен қалдырмауы, оның психология және социологиямен қызығушылығымен де байланысты болды, ал сонымен қоса бұл оның тілтануда кең тараған бұлыңғыр, анық емес методтардың үстемділігіне наразылығы және тілді зерттеуде дәл ғылымдардың тәсілдерін қолдануға деген ұмтылысымен де байланысты болды.
50-60-ы жылдарда антропологияның француздық тармағында ол осыған дейін алдыңғы бағыттармен: құрылымдық лингвистика және әдебиеттанумен байланысты (жеке алғанда, Проптың таң ғажайып ертегілерді талдауы), психоанализбен (З.Фрейд пен К.Юнгтың адам іс-әрекетінің әмбебапты реттеушісі ретіндегі бейсаналық ұғымы) және неопозитивизммен (ғылыми таным мен ғылымның метатілінің логикалық мәселелерін зерттеу) байланысты қалыптасқан әдістемені қолдана бастады.
Құрылымдық-рәміздік бағытты дамытуда үлкен үлес қосқан бес есімдерді атап өтейік:
- неміс философы Эрнст Кассирер (1874-1945), ол мәдениеттің бастауы - бұл адамның жасанды әлемді рәміздік формалар (“рәміз әлемі”) арқылы жасап шығару қабілеттілігі екендігін көрсетті;
- француз этнографы, антрополог Клод Леви-Стросс (1908 ж.т.), структурализмнің көш басшысы, оның көзқарастарының эволюциясы семиотиканың бөлігі ретінде, ал мифті тіл феномені ретінде қарастыруға жеткізді;
- француз әдебиеттанушысы Ролан Барт (1915-1980), Леви- Стросс идеяларын дамыта отырып, құрылымдық талдаудың шексіз қолданбалығы жөнінде қорытындыға келеді. Оның пікірінше, мәдениеттің кез келген көріністерінде: бұқаралық коммуникацияларда, модада, қала құрамында - “социологияны” байқауға болады;
- француз зерттеушісі Жак Лакан (1901-1981), құрылымдық немесе лингвистикалық психоанализдің негізін қалаушы, ол бейсаналық тіл ретінде құрылымданған, ал сондықтан ол рационалдауға, мәдениеттендіруге, өнер туындылары мен мәдениеттің басқа да құрылымдарына айналдыруға көнеді деген қағиғадан шығады;
- отандық әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, өнертанушы, тартус-мәскеулік мектептің басшысы Юрий Михайлович Лотман (1922-1993), ол мәдениеттің сан алуан феномендерін, өзінің таңбалық-рәміздік табиғатына ие, “мәдениет мәтіндері” ретінде қарастырды және талдады.
Достарыңызбен бөлісу: |