Лекция 4. МӘДЕНИЕТ ФОРМАЛАРЫ: ӨНЕР, ДІН, МОРАЛЬ ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
1. Өнер және оның түрлері
2. Дін- мәдениеттің сакралдық түрі.
3. Құқық пен мораль.
4. Ғылым мен техниканың мәдениет тарихындағы ролі және орны.
Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік т.б барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемділік және тарихи сипатымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланысымен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |