Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
Жас кезеңдері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
1 Жаңа туған сәби 1-10күн
2 Нәрестелік шақ 10 күн -1 жас
3 Сәбилік шақ (ерте балалық) 1-3 жас
4 1-ші балалық шақ 4-7 жас
5 2-ші балалық шақ 8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
6 Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ 13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар