Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.
Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы– жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Негізгі міндеті – өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.
Оқушылар физиологиясыпсихологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
1. Сипаттамасы: Балалардың денесінің дұрыс дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.
2. Мақсаты: Болашақ мұғалім балалар мен жасөспірімдер денесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың қоршаған ортаға байланысы туралы, оларды мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту негізіндегі үлгілерді білуімен қамтамасыз ету, оларды жоғары деңгейде сақтау, әртүрлі білім беру іс-шараларын орындау.
3. Міндеттері: Оқушының даму физиологиясы студенттерді мектеп оқу үдерісін ұйымдастырудың физиологиялық және гигиеналық негіздерімен, жұмыс тәртібімен және студенттердің демалысымен қамтамасыз етеді.