Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері
Физиология – мүшелер мен жүйелердің және тұтас ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым.
Осы физилогия ғылымының бір саласы жас ерекшеліктер физиологиясы ағзаның бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан ағза мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Негізгі міндеті — өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрап, балалардың аурулар мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриямен тығыз байланысты. Сонымен қатар физика, химия, метеорология сияқты ғылымдармен байланысып, осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін пайдаланады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы эмбриология, қалыпты физиология, геронтология, даму биологиясы, антропология, экологиялық физиология сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенсе, өзі валеология ғылымының теориялық түп негізін құрайды.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін қолданады:
1) бақылау – сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме;
2) табиғи тәжірибе – мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты зерттеуші табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін табиғи жағдайда қолданады.
3) лабораториялық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы зерттеуші белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Лабораториялық тәжірибе әдістерінің түрі:
-функциялық жүктеме немесе сынау әдісі;
-эргометрия;
-есепті шығару әдісі;
-телеметрия;
-антропометрия.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы түрлі жағдайлардың бала организміне әсерін анықтап, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді
Жоғары дәрежелі жүйке қызметі, типтері
Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б.
Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға.
Нәресте дүниеге келгенде, оның бойында өзіне тән қабілет ерекшеліктерінің нышаны - бейімі болады. Оны тума талант деп те атайды. Осыған байланысты өр адамның жүйке жүйесінің топтарын ажыратады.
Дұрыс тәрбиенің нөтижесінде, тума таланттың негізінде адамның қабілеттілік қасиеті калыптасады. Қабілеттілік - жеке адамның бойындағы белгілі бір іскерлік, біліктілік, икемділік және т. б. қасиеттердің жиынтығы. Адамдар бірінен-бірі кабілеттіліктері және көңіл күйінің өзгешелігімен де ерекшеленеді. Адамның жеке басына тән белсенділік, іс-әрекеттерінің, көңіл күйінің көріністерін сипаттайтын ерекшеліктерін темперамент (лат. «temperamentum» - бір шамалас) дейді. Оны жеке адамның мінез кұлығы мен көңіл күйінің ерекшеліктерінен айқын байқауға болады. Ол негізінен жүйке жүйесінің физиологиялық пш.ірмншылыктарына тікелей байланысты. Адам ағзасын зерттеуде ертедегі грек дәрігері Гиппократ (ж. с. д. 460 - 470 жылдары) көп еңбек сіңірді. Сондықтан да оны медицина ғылымының негізін салушы деп атайды. Гиппократ ауру адамдарды бақылап, адамда кездесетін анатомиялык, физиологиялық дерттерге маңызды теориялык қорытындылар жасады. Әсіресе, ол өзіне каралған емделушілердің мінез-кұлық ерекшеліктеріне, темпераментіне ерекше мән берді.
Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр. «сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиник, холерик, меланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді.
И.П. Павлов жеке ағзаның мінез-құлығына тән жүйке үдерістерінің негізгі касиеттерін 3 топка бөліп көрсетті. Оның бірінші қасиеті - қозу мен тежелу үдерістерінің әсер ету күшіне байланысты. Екінші қасиеті - қозу мен тежелудің арақатынастарының біріне- бірінің сәйкестігі. Қозу басым болса, тежелу баяу жүреді, кейде керісінше тежелу басым болса, қозу баяу таралады. Үшінші қасиеті жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына сәйкес жүзеге асады. Бұл қозу мен тежелудің бір-біріне алмасу жылдамдығы бойынша анықталады.
И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді.
1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен
тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.
Достарыңызбен бөлісу: |