Лекция Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары Дәрежесі: б.ғ. к., қауымдастырылған профессор



бет3/4
Дата13.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#185313
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1 - лекция

Онтогенез заңдылықтары

  • Адам организмінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы.
  • Адам ағзасы атқаратын қызметі мен құрылысының ортақтығы бойынша біріктірілген бір-біріне өзара бағынышты ұйымдастырылған күрделі жүйе. Жүйе элементі болып жасуша табылады. Шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ұлпа деп аталады. Ұлпалардың негізгі түрлері: жабын, дәнекер, сүйек, бұлшықет және жүйке. Ұлпалар мүшелерді, мүшелер мүшелер жүйесін құрайды.
  • Жасушадан басталып, мүшелер жүйесінен аяқталатын ағзаның барлық құрылымдарының қызметі келісіп жұмыс істеп бір тұтастық принципіне бағынады. Біртұтас ағзаның қызметі қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде ғана жүзеге асады. Ағза қызметінің барлық процестері ағзаның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.
  • Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.
  • Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.
  • Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.
  • Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.
  • Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
  • Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
  • 1) өсу,
  • 2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.
  • Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
  • Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
  • 1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.
  • Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:
  • 1) өсу мен даму гетерохронды болады.
  • 2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
  • 3) өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
  • 4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
  • 5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі
  • 6) өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет