Физикалық география



бет1/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия




1.1. Зерттеулер және зерттеушілер.
Жіктеу (дифференциация) үдерісі екі салаға: физикалық және қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияға бөлінеді.
Физикалық география – Жердің географиялық кабығын зерделейтін ғылымдар жүйесі. Физикалық география географиялық қабықтың ерекшеліктерін және жер бетіндегі түрлі табиғи құбылыстардың арасында болатын өзара байланыстарды зерттейді.
Қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) география халықты және оның шаруашылығын зерттеумен айналысады.




Экономикалық география салалары табиғат ресурстары географиясы,ауылшаруашылық географиясы,өнеркәсіп географиясы, қызмет көрсету географиясы, көлік географиясы, дүниежүзілік шаруашылық географиясы.

Адамдар қауымдастығының құрылымы-нәсілдік,этостық,діни мәдениеттер мен өркениеттерге бөлінеді.
Құрылымның ерекшеліктері бойынша нәрестелер,балалар,жасөспірімдер,жастар,ересектер,қарттар,ұзақ өмір сүрушілер,ер және әйел адамдар болып бөлінеді.
Кеңістікте шоғырлануы бойынша ауыл,қала,өлке,аймақ,ел,материк халқы деп бөлінеді.
Халық динамикасында туу және өлім, көші-қон тәрізді үдерістер бар.

География ғылымы қамтылатын аймақтары бойынша жергілікті жердің (өлкетану), ауданның (физикалық география), аймақтың (әлеуметтік-география және саяси география), елдің, дүние бөлігінің, материктер мен мұхиттардың, дүниежүзінің географиясы болып бөлінеді.


Уақыттық кезеңдер бойынша география ғылымы палеогеография (физикалық география), тарихи география, қазіргі заман географиясы (қоғамдық география) болып бөлінеді.
Палеогеография – өткен геологиялық дәуірлердегі физикалық-географиялық жағдайлар туралы ғылым.
Тарихи география географиялық ортаның адамзат қоғамының дамуына ықпалын зерттейді.
Қазіргі заман географиясы тікелей қазіргі уақыттағы жағдайды зерттейді. Оның өткені осы уақыттағы географиялық нысандардың, құбылыстар мен үдерістердің жағдайына әсері тұрғысынан қарастырылады.

«Қайда?» - бұл географияның басты сұрағы. Карта-оның жауабы. Физикалық және қоғамдық географиямен қатар картография-география ғылымының үшінші саласы.
Физикалық және қоғамдық географиямен қатар, картография – география ғылымының үшінші тармағы. Географиялық ғылымдардың әрқайсысы әртүрлі қатарларды қолданады және өз карталарын шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет