Физикалық география



бет14/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Литосфералық тақталар жер қыртысының неғұрлым ірі құрылымдық элементтері болыпсаналады. Тақталар жоғары мантияның иілмелі қабатында жатады және жылына 1–6 см жылдамдықпен, материктерді өзінің соңынан тарта отырып, бір-біріне қарай баяу жылжиды. Құрлықтық және мұхиттық тақталардың соғылысуы субдукция,ал екі құрлықтық соғылысу коллизиядеп аталады. Жарылған жерлер арқылы аққан магма есебінен мұхит түбінің өсу үдерісі спрединг деп аталады. Литосфералық тақталардың шегаралары қозғалмалы облыстар болып саналады, оған жанартаулар, жер сілкіну зоналары, таулы аймақтар, орталық-мұхиттық жоталар, тереңсулы шұңғымалар және науалар кіреді.
Ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге созылған, жер қыртысының енсіз, тектоникалық қозғалмалы бөліктері геосинклиналь деп аталады.

Етегін (табанын), баурайын (беткейін) және шыңын салыстырмалы түрде жеңіл ажыратуға болатын, жер бедерінің оқшау көтеріліп тұрған бөліктері таулар деп аталады. Таулардың айқын көрінетін шыңы, беткейі және етегі болады.Тауларды жеке тұрған таулар, тау жоталары және тау алабы деп бөледі..
Жеке тұрған таулар өте сирек кездеседі және олар – жанартау немесе ежелгі қираған тау қалдықтары.
Тау жоталары – таулы аймақтардың неғұрлым кең тараған типтері.
Тау жоталары көбінесе бір-біріне жақын, тығыз орналасқан көптеген тау қатарларынан тұрады. Мысалы, Солтүстік Тянь-Шань тауы Кетмен, Іле Алатауы, Күнгей және Қырғыз Алатауы жоталарынан тұрады. Бір бағытта созылған тау жоталарының жүйесі тау тізбегі деп аталады..
Тау тізбектері– ұзындығы мен ені бірдей дамыған ауқымды тау көтерілімдері. Таулардың биіктігі етегінен шыңына немесе мұхит деңгейінен шыңына дейін тік сызық бойымен, вертикаль бағытта өлшенеді. Етегінен шыңына дейінгі биіктік салыстырмалы, ал мұхит деңгейінен шыңына дейінгі биіктік абсолюттік биіктік деп аталады. береді. Биіктіктеріне қарай таулар аласа, орташа және биік болып бөлінеді. Теңіз деңгейінен 1000 метрге дейінгі таулар аласа таулар деп аталады. Солтүстік Орал, Мұғалжар және Орталық Еуропаның жекелеген таулары аласа таулардың қатарына жатады.
Теңіз деңгейінен 1000 метрден 2000 метрге дейінгі биіктіктегі таулар – орташа таулар деп аталады. Орташа тауларға Еуропаның солтүстігіндегі Скандинавия таулары, Солтүстік Америкадағы Аппалач таулары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет