Физикалық география



бет11/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

Геологиялық карталар геологиялық нысандарды көрсетеді. Геологиялық карталар:стратиграфиялық,тектоникалық,гидрогеологиялық,металлогениялық,инженерлік-геологиялық болып бөлінеді

Гидрологиялық карталар аумақтың су ресурстарын бағалау, қауіпті гидрологиялық құбылыстарды болжау, өзен режимінің аңғарлық зерттеулері, су ағынының эрозиялық үдерістерге әсерін зерделеу үшін қолданады.
Жер беті рельефі карталары гипсометриялық, геоморфологиялық және палеогеоморфологиялық болып бөлінеді.
Топырақ карталары жазықты және таулы аумақтардың топырақ типтерінің зоналық орналасуын бейнелейді.
Пайдалы қазбалардың кен орындары карталары пайдалы қазбалардың маңызды кен орындарының пайда болу жағдайларын және орналасуын көрсетеді.
Климаттық карталар климаттық белдеулер, ауаның жылдық орташа температурасы, қаңтардың және шілденің (жер шарының көптеген пункттеріндегі жылдың ең суық және ең жылы айлары) айлық орташа температуралары, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері және басқа карталарға бөлінеді. Дүниежүзінің климатын сипаттау үшін тек: радиациялық баланс, жылдық булану, жауын-шашынның маусымдық түсуі, булану, климаттық белдеулер карталары құрастырылады.
Мұхиттану немесе океанологиялық карталар Дүниежүзілік мұхитты және оның жеке бөліктерін: теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды зерттейді. Физикалық-географиялық аудандастыру карталары географиялық белдеулер мен табиғат зоналарының жер бетінде таралуын графикалық бейнелейді.
Экономикалық карталар өнеркәсіпті және оның жеке салаларын сипаттау, көліктің дамуын және нақты аумақтың байланыстарын көрсетеді.
Саяси карталар дүниежүзінің, елдердің және түрлі деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің саяси бөлінуін көрсетеді.
Әлеуметтік-географиялық карталар көліктердің бағытын, әлеуметтік маңызды нысандардың орналасуын бейнелеп көрсетеді.
Халықтар картасы географиялық, демографиялық, этнографиялық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді. Халықтар картасы халықтың орналасуын, ұдайы өсуін, тұрғындардың аумақтық және ұлттық құрамын, ішкі және сыртқы көші-қонды графикалық түрде бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет