4. Зерттеу нәтижелерін ұсыну формалары
Баспасөз көмегімен, түрлі басылымдарда (журналдарда, жинақтарда, құралдарда) жариялау, ғылыми шараларда сөз сөйлеу арқылы ақпаратты жұртшылыққа жеткізу басылым деп аталады.
Ғылыми жарияламалардың түрлері есеп, баяндама, тезис, аннотация, мақала, стендтік баяндама, инфографика, тұсаукесер.
Зерттеу толық аяқталғаннан кейін есеп жазылады. Есептің міндеті – белгілі уақыт аралығында орындалған жұмысты жан-жақты көрсету.
Аудиторияға зерттеу барысы және оның нәтижелерін суреттейтін қысқаша құжаттарға баяндама, мақала, тезис, аңдатпа жатады.
Баяндама– басылымда жарияланған немесе көпшілік алдында оқылған ғылыми-зерттеу жұмысының толық мағынасын қамтитын ғылыми құжат. Баяндаманы нәтижелерін ғылыми конференцияда, ғылыми семинарда және басқа шараларда көрсету үшін зерттеушілер әзірлейді.
Мақала – ғылыми-зерттеу жұмысының жағдайы туралы материалдар берілетін журналда немесе еңбектер жинағында жарияланатын, көлемі аз ғылыми хабарлама (баспа мәтінінде 8–10 бет көлемінде). Мақала ғылымдағы жаңа білім және нақты саланың жетістіктерін, яғни зерттеу нәтижелерін сипаттайды.
Тезис дегеніміз зерттеушінің таңдаған тақырыбы бойынша қысқаша түрде баяндалған бірегей ғылыми идеялар – баяндамалар мен сөз сөйлеулердің тезистері, яғни басылымдардың кең тараған түрі.
Аннотация– ғылыми мақаланың мақсаты, мазмұны, түрі, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан қысқаша сипаттамасы.
9 сурет Ғылыми шығармаға аннотация
Көпшіліктің алдында сөз сөйлеген кезде зерттеушілер ұсынылған мәліметтердің көрнекі болуын қамтамасыз ету үшін стендтік баяндама, инфографика және тұсаукесер көп қолданылады.
Стендтік баяндама. Стендтік баяндаманың материалдары ватман парағында ресімделіп, стендке жапсырылады.
Стендтік баяндамада көрнекті материал мен мәтіндік материялдың арақатынасы шамамен 1:1. Стендтік баяндамада мәтіннің шртфі 0,5 метр қашықтықта еркін оқылуы тиіс.
Ақпаратты графика және мәтіннің көмегімен бір суретте беру тәсілі –инфографика деп атайды. (11 сурет)
Ақпаратты беру формасы біртұтас және жеке-жеке болып бөлінеді. Біртұтас беру барысында барлық ақпарат бір бөлімде жинақталады және өзара байланысты болады. Жеке-жеке беру барысында, бір-бірімен байланыспаған бөлімдер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |