Тарихикарталарды тарихи құбылыстарды, оқиғаларды және олардың географиялық түрткіжайттармен өзара байланысын көрсету үшін қолданады.
6. Географиялық деректер базасын құрастыруда ақпараттық-комуникациялық технологиялардың ролі. Ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше дерек файлдары деректер базасы деп аталады.
Метадеректер– бұл деректер туралы мәліметтер.
Microsoft Office excel қосымшасы қолданушылардың кестедегі деректермен, негізінен, сандық мәндермен жұмыс істеуге ыңғайлы болуы үшін құрастырылған.
MS Excel-дің негізгі ерекшелігі түрлі ұяшықтардағы көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс ты суреттеу үшін формулаларды қолдануында. Берілген формулалар бойынша есептеулер автоматтық түрде орындалатын болады. Егер адам кез келген бір ұяшықтың мәнін өзгертетін болса, онда басқа ұяшықтардағы барлық мәндер автоматты түрде қайта есептеледі.
Географтар үшін бұл қосымшаның қызығушылық тудыратын қондырмасы Power View деп аталады, оның көмегімен картада интерактивті диаграммалар, графиктер және басқа да бейнелі элементтер құрастыруға болады.
Деректер базасын жасау үшін арнайы әзірленген қосымша «Microsoft Office Access»
8. Жер бедері түрлерінің жіктелуі Жер бетінің алуан түрлі кедір-бұдырлары жер бедері(рельеф)деп аталады. Жер бедері пішіндерін геоморфология зерттейді. Геоморфология жер бедері дамуының заңдылықтарын, оның сыртқы белгілерін және географиялық таралуын зерттейді..Жер бедерінің түрлері жер бедері элементтерінен құралады. Жер бедері формалары қарапайым және күрделі деп екі топқа бөлінеді.
Жер бедерінің қарапайым түрлері (адыр, төбе, жыра және басқа-лар). Жер бедерің күрделі түрлері (тау,ойпат). Жер бедері оң (дөңес) және теріс (иілген) формалардан тұрады. Оң формалар көлденең сызықтардың үстінен көтеріліп тұрады, ал теріс формалар бұл сызықтарға қарағанда керісінше төмен, еңіс жерлерді құрайды.
Жіктелу нысандарды қандайда бір елеулі белгілері бойынша топтарға бөлу.