Физикалық география


Теориялық әдістер. Теория



бет6/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Теориялық әдістер. Теория зерттеу нәтижелерін қорытындылау формасы, өзара байланысты пайымдаулар мен дәлелдер жүйесі. Ой тұжырымының негізгі екі формасы пайымдаудың жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға қарай жолын қарастырады және дедукция мен индукциядеп аталады. Дедукция мен индукцияға кейбір қасиеттердегі, белгілердегі, қарым-қатынастардағы заттар мен құбылыстардың ұқсастығын анықтауға болатын ұқсастық әдісі де жатады. Далалық және камералдық (ғылыми өңдеу) зерттеулердің деректерін жүйелеу және талдау, оларды модельдерде және карталарда бейнелеу нәтижелері бойынша зерттеушілер нысанның, құбылыстың және үдерістің даму ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы жалпы қорытынды теория деп аталады.
Дедукциялық тұжырым үлгісі: «Экологиялық аудандастыру картасы бойынша, елді мекеннің орналасқан аймаққа, экологиялық ластанған аймаққа жататындығы анықталды. Демек, жергілікті жердің аумағында да экологиялық ластанудың ізін табуға болады».
Индукциялық тұжырым үлгісі:«Далалық зерттеулер барысында елді
мекен орналасқан аумақта экологиялық ластану белгілері анықталған. Демек, біздің елді мекенге кіретін аймақ, экологиялық ластану аймағына жатады».
Ұқсастығы бойынша ой қорытындысы үлгісі: «Жер ғаламшары Күн
жүйесінде орналасқан, онда атмосфера, су және өмір бар. Марс ғаламшары Күн жүйесінде орналасқан, онда атмосфера және су бар. Марста өмір болуы мүмкін».
Әр қорытындының ақиқаттылығы тәжірибелік, эксперименттік, бақылаулармен, есептеулермен және т.б жолдармен дәлелденген жағдайда ғана, кез келген ой тұжырымы теория болып шығады.
1998 жылға дейін әлемде атауы қарапайым «астана» ұғымын білдіретін бір ғана Кореяның Сеул қаласы болды. Қазақстандық Астана – екінші қала.


3. Географиялық деректерді өңдеу және талдау
Деректер– нақты әлемнің дәлме-дәл тіркелген фактілері мен сипаттамалары.
Географиялық деректер – табиғи немесе жасанды жолмен құрылған нысандардың, сонымен қатар олардың жердегі шегараларының
географиялық орнына және қасиеттеріне қатысты ақпаратты қамтиды. Географиялық деректер 1) орналасқан жері; 2) қасиеттері және сипаттамалары; 3) кеңістіктік қарым-қатынастары; 4) уақыт деген төрт компоненттен тұрады.
Кеңістіктік нысандардың географиялық орны (орналасқан жері) географиялық координаттармен (ендік/бойлық) анықталады.
Қасиеттер – географиялық нысандардың өзіне ғана тән белгілері. Қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға немесе осындай басқа нысандармен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет