Физикалық география


Салыстырмалы-географиялық әдіс



бет4/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Салыстырмалы-географиялық әдіс. Салыстыру – екі (және одан көп) үдерістерді сандық немесе сапалық (ұқсастық, айырмашылық, артықшылық және кемшілік), әртүрлі қасиеттері бойынша салыстыру үдерісі. Салыстыру екі амалдан тұрады: алдымен ұқсас белгілері, содан соң айырмашылықтары анықталады. Екі компонентті де қамтыған жағдайда салыстыру толық, ал олардың біреуін ғана қамтыған жағдайда – толық емес болып саналады.
Салыстыру нысандардың неғұрлым маңызды ерекшеліктері бойынша жүргізіледі, алдымен сапалық, содан соң сандық ерекшеліктері бойынша салыстырады.
Географ және тарихшы Л.Н. Гумилев «Көне түркілер» шығармасынанда ғалым салыстыру жасаған нысанды атаңдар.
«… Еуропа және Алдыңғы Азияның халықтары, өркениеттің келесі саты-сына өтіп, архитектурасы таңғалдыратын қалалар салады. «Түркілер үй-лер салмаған, бау-бақшалар нуландырмаған, өйткені күні өте суық болған
соң, жуыр маңдағы тоғайлардың қу ағашын жағып бітіреді де, мекендеген
қалаларын лажсыз тастап кетеді. Бірақ тас күрке мен кесек лашық –
әрі жылы, әрі жеңіл, бір жерден екінші жерге оңай көшіре салатын киіз үй-мен салыстырғанда, тұрғын үйдің – жоғары түрі» дегенмен келісу қиын.
Табиғатпен тамырласып жатқан көшпелілерге мұндай үйде тұру ерік-кеннің ермегі емес, қажеттілік. Жаздың ыстығында дала күйіп кетеді де,
мал Тянь-Шань мен Алтайдың, Ханғай мен Хөнтей жоталарында жатқан
шалғынды жайлауға шығады. Қыста тауларды қалың қар басады да, мал
шұбырып, қар аз түсетін далаға келеді, сосын ылғалдан жібіген нәрлі қу
шөпті қорек етеді. Тіршілік осындай болып тұрғанда, тасымалды үй ең қо-лайлы болып табылады …».
2. Аталған аумақтардың қандай қасиеттері адам өмір сүретін ғимараттардың формасын анықтады?
3. Осындай нысандарды салыстыруда ғалым көркем мәнерліліктің
қандай тәсілдерін қолданған?
4. Берілген салыстыру толық немесе толық емес салыстырудың қай
түріне жатады? Неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет