Жазықтар– биіктіктердің шамалы өзгерістерімен сипатталатын, құрлық бетінің, мұхиттар мен теңіздер түбінің ұлан-байтақ бөліктері (200 м-ге дейін, еңістер 5° кем).
Бетінің сипаты бойынша жазықтар тегіс және төбелі болып бөлінеді. Тегіс жазықтардың беті түзу болады (Батыс Сібір ойпатының жекелеген бөліктері).
Төбелі жазықтар жиі (Шығыс Еуропа жазығы) кездеседі.
Жазықтар абсолюттік биіктігі бойынша ойпат, қырат және таулы үстірттер деп бөлінеді.
Егер жазық мұхит деңгейінен 200 м жоғары орналасса, онда ол ойпат деп аталады. Кейбір ойпаттардың беті теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Мысалы, Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен 26–28 м төмен, ал Амазонка ойпаты теңіз деңгейінен 200 м шамасында.
Теңіз деңгейінен 200 м-ден 500 м-ге дейінгі биіктіктегі жазықтар қыраттар деп аталады. Орта Орыс қыратының теңіз деңгейінен биіктігі 200 м-ден жоғары.
Беті мұхит деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте орналасқан жазықтар таулы үстірттердеп аталады. Үндістан түбегіндегі Декантаулы үстіртінің биіктігі теңіз деңгейінен 300 м-ден 900 м-ге дейін жетеді
10. Материктер мен мұхиттардың ірі орографиялық нысандары
Жер бедері түрлерін сыртқы белгілері мен өзара орналасуы бойынша сипаттау орография, жер бедері түрлерінің сандық сипаттамасы морфометрия деп аталады.
Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқы-сы) Орталық Қазақстан аумағының үлкен бөлігін алып жатыр. Сарыарқа батсында Торғай үстіртімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 1200 км-ге созылған, шығыс бөлігінің ені 400 км, батыс бөлігінде 900 км жуық болып келеді.
Сарыарқа – өте ежелгі, қатты өзгеріске ұшырап бұзылған таулы аймақ. Негізінен тегістелген қыраттардан және ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Сарыарқанығ шығыс бөлігі батысына қарағанда биік. Сарыарқа шөгінді және магмалық жыныстардан (гранит, порфирит, кварцит) құрылған. Сарыарқаның шығысында неғұрлым биік таулар орналасқан. Шығысындағы тауларға гранитті таулы-төбелі Қызыларай сілемі (ең биік нүктесі Ақсораң, биіктігі – 1565 м), Қарқаралы тауы (1403 м), Кент (1460 м), Шыңғыстау (1300 м), Баянауыл таулары (950 м) жатады.
Сарыарқаның батыс бөлігін ірі ойыс – Теңіз-Қорғалжың қазаншұңқыры (304 м), екіге бөледі. Сарыарқаның батыс бөлігінің солтүстік-батыс бөлігінде Көкшетау таулары, оңтүстік-батысында Ұлытау таулары орналасқан. Көкшетау таулары онша биік емес (900 м шамасында)..
Ұлытау (1133 м) – бұл меридиандық бағытта жатқан, ірі антиклинальдардың
Қалдықтарынан тұрады
Орографиялық нысандар (бірліктер) – бұлар географиялық орны, атауы, өздеріне тән сипаттамасы бар, нақты жер бедерінің түрлері.
Мұхиттық платформалар, мұхиттық-орталық жоталар мұхиттық
тип құрылымына жатады.
Мұхиттық платформалар су түбінің жер бедерінде терең сулы кең тегіс немесе суасты шамалы төбелі жазықтар немесе шұңғымалар (биіктігі 1000 метрге дейінгі жеке жоталар және жайпақ шыңды сөнген жанартаулар) болады. Мұхиттық платформалар 2600–6000 м тереңдіктерде орналасқан. Терең суасты науалары мен мұхиттық-орталық жоталар мұхиттардың қозғалмалы аймақтарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |