Мезозой дәуірлері:триас, юра, бор.
Кайнозой эрасының Альпі қатпарлығы кезеңінде Альпі-Гималай белдеуі шегіндегі жас қатпарлы таулар қалыптасты және Еуразия қазіргі кездегі көрінісіне ие болды. Сонымен қатар Орал, Аппалач, Тянь-Шань, Алтай тәрізді ежелгі тау сілемдерінің жасаруы жүрді. Кайнозой дәуірлері:палеоген, неоген, төрттік.
15. Жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері
Халықтың негізгі бөлігі теңіз деңгейінен 1000 метрге дейінгі биіктікте тұрады (сонымен бірге халықтың 56%-ы теңіз деңгейінен 200 метрге дейінгі, 24%-ы 500 метрге дейінгі биіктіктегі аумақтарда шоғырланған).
Дүниежүзінде өте тығыз қоныстанған аймақтар : Шығыс Азия(Қытайдың, Жапонияның шығыс жағалауы, Оңтүстік Корея, КХДР), Оңтүстік Азия(Үндістан, Бангладеш, Пәкістан), Шетелдік Еуропа, АҚШ – Солтүстік Шығысы.
Халқы теңіз деңгейінен 1000 метр-ден жоғарыда өмір сүретін мемлекеттер: Мексика, Эфиопия, Ауғанстан, ал Боливияда, Перуда, Қытайда (батысында) адамның өмір сүру шегарасы теңіз деңгейінен 5000 метрден де биік жерлерден асып отыр.
1. Температура. Биіктіктің жоғарылауымен ауаның жылдық орташа температурасы біртіндеп әр 100 метрде 0,6°c төмендейді
2. Ауаның ылғалдылығы. Ауадағы су буының саны ылғалдылық деп аталады. Қаныққан су буының қысымы ауа температурасымен анықталады. Таулы аудандарда 2000 м биіктіктің өзінде-ақ теңіз деңгейіне қарағанда, ауаның ылғалдылығы екі есе кем, ал үлкен таулы биіктіктерде ауа «құрғақ» болады. Бұл организмнің тек тері арқылы ғана емес, сонымен қатар өкпенің аса желдетілуі арқылы да сұ йықтықты жоғал-туын жоғарылатады.
3. Күн радиациясы.Тауда 3000 м биіктікке көтерілген кезде, жиынтық күн радиациясы әр 1000 м сайын орташа есеппен 10% жоғарылайды. Организмге көрінетін (жарық) де, сондай-ақ көрінбейтін де (инфрақызыл және ультракүлгін) күн сәулелері әсер етеді. Күн сәулелерінің қарқынды әсері қатты күйіп кетуге, күн тиюге, жүрекқан тамырлары ауруларының болуына әкелуі мүмкін. Биіктеген сайын ультракүлгін радиацияның мәнінің артуы терінің қызаруын, кератитті (көздің мүйізгек қабығының қабынуы) болдыруы мүмкін.
4. Атмосфералық қысым. Теңіз деңгейімен салыстырғанда, атмосфералық қысым 3000 м биіктікте 31% және 4000 м биіктікте 39%-ға төмен болады. Тропосферада әрбір 100 м көтерілген сайын, қысым шамамен 10 мм-ге азаяды. Ауаның атмосфералық қысымының төмендеуі тыныс алуды қиындатады. 3000 м биіктікте тыныс алу ауасындағы О 2 мөлшері үштен бірге, ал 4000 м биіктікте екі есеге азаяды. Бұның бәрі гипоксияға (оттегінің азаюы) – оттегінің жетіспеушілігіне әкеледі.
1500–2000 м – қалыпты биіктік.
2000–4000 м – үлкен биіктік.Өкпенің ауа алмастыруы, қанның минуттық көлемі және қан ағымының қайта бөлінуі есебінен еңбекке қабілеттілік ұзақ уақыт бойы (бірнеше сағат) сақталады. Оттегін тұтынудың неғұрлым ұлғаюын талап ететін дене жұмысы қиындықпен орындалады.
4000–5500 м – өте үлкен биіктік.Адамның еңбекке қабілеттілігінің төмендеуімен қатар, хал-жайының нашарлауы да байқалады. Сонымен қатар масаттану және лайықсыз мінез көрсетуі де мүмкін. Мұндай биіктікте ұзақ уақыт болу бастың зеңуі, бас ауруы, ұйқышылдық, жүрек соғуының қиындауы, жұмысқа қабілеттіліктің жалпы төмендеуі тәрізді белгілермен айқындалады.
5500 метрден биік биіктік – экстремалды биіктік. Бұл биіктікте еңбекке қабілеттілік күрт төмендейді. Дене еңбегін жүзеге асыру мүмкіндігі азаяды. Жалпы жағдайдың нашарлауы байқалады. Бұл зонада талып қалу ықтималдығы жоғары, оның пайда болу уақыты негізінен гипоксияға жеке төзімділікке байланысты болады.
7000 м жоғары биіктікте адамның сана-сезімін сақтауы қысқа уақыт ара-лығында ғана мүмкін, оны резерв деп атау шешімі қабылданған.
8000 метрден биіктегенде резервті уақыт 2–3 минуттан 10–20 секундқа дейін қысқарады, одан кейін ұзақ уақытқа естен талып қалады. Шара қолданбаған жағдайда адам қайтыс болуы мүмкін.
Адам шаруашылығында басты рөл атқаратын маңызды көрсеткіш марпометриялық.
Достарыңызбен бөлісу: |