13. Тау жыныстары мен минералдардың қасиеттері
Пирит минералы «алтын дүрлікпесі» кезінде алтынға ұқсастығының нәтижесінде «ақымақтар алтыны» немесе «ит алтыны» деген атқа ие болды.
Минералдардың қасиеттері. Минералдардың көзбен анықтауға болатын қарапайым қасиеттері диагностикалық қасиеттер деп аталады. Минералдардың барлық диагностикалық қасиеттерін: оптикалық, механикалық және басқалар деп үш топқа бөлуге болады.
Жекелеген, жақсы көрінетін кристалдар табиғатта салыстырмалы түрде сирек кездесіп, түйіршікті агрегаттарды құрайды.
Түйіршікті агрегаттар – кесек топырақтарды (қоңыр теміртас, боксит, каолин) еске салатын, борпылдақ, жұмсақ минералдардың жинағы.
Друзалар–ортақ негізі бар кристалдардың жабыса шыққан өскіні.
Жеодалар – минералдармен толығымен немесе жартылай толтырылған, тау жыныстарындағы қуыстар.
Конкрециялар– минералдардың жұмыр, домалақша тұтастырғыштары. Оолиттер (бұршақтас) – әдетте шоғырлы-қабықты құрылымы бар, шағын өлшемді (0,2–10 мм) жұмыр тұтастырғыштар.
Сауысты пішіндер – қуыстардың қабырғаларын бүркеуші буланған ерітінділердің немесе төбеден тамшылаған кристалл түйіршіктерінің түсуі нәтижесінде пайда болған минералды агрегаттар. Сауысты пішіндер гельдердің ұюы кезінде де пайда болады. Сталактиттер мен сталагмиттер сауысты пішіндерге жатады.
Сталактиттер– үңгірлердің төбесінен салбырап тұрған тас сүңгілер.
Сталагмиттер – үңгірлердің түбінен көтерілген тас бағаналар.Қоңыр теміртас, ақтас (кальцит), гипс, малахит және т.б. түрлі минералдар сауысты пішіндерде кездеседі.
Дендриттер–өсімдіктерге ұқсайтын, жыныстардағы кристалдардың жазық жабыса шыққан өскіні (латын тілінен ден дрос – ағаш).Шөгінді жыныстарда дендриттер түріндегі темірмарганецті қосылыстар жиі кездеседі.
Сыртқы механикалық әсерге қарсыласу қабілеті қаттылық деп аталады. Әдетте салыстырмалы қаттылық қаттылығы азырақ минералды қаттырақ минералмен тырналау арқылы анықталады. Геологияда қабылданған қаттылықтың Моос теориясы қаттылығы бойынша эталондық он минералды қамтиды, олар: тальк – 1, гипс – 2, кальцит – 3, флюорит – 4, апатит – 5, ортоклаз – 6, кварц – 7, топаз – 8, корунд – 9,алмаз – 10.
Минералдардың түсі лазурит-көк,киноварь-қан түстес қызыл,магнетит-қара,кварц-әртүрлі боялған немесе түссіз.
Гематит кесегінің түсі қараға жуық, ұнтақтыда – қызыл қошқыл болады (42-сурет). Анықталатын минералдың ұнтағын алу үшін, онымен Моос шәкілі бойынша қаттылығы 6-дан аспайтын қаттылығы бар, кедір-бұдыр фарфор табақшаның үстінен жүргізу жеткілікті (42-сурет), нәтижесінде сызық түріндегі ұнтақ тәрізді із қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |