Физикалық география


Жылтырақ. Жылтырлығына қарай минералдар екі топқа бөлінеді: 1.Металдық және металл түстес жылтырақ минералдар



бет22/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Жылтырақ. Жылтырлығына қарай минералдар екі топқа бөлінеді:
1.Металдық және металл түстес жылтырақ минералдар.Металдық жаңа металдың жалтырауын, ал металл түстес – металл бетінің күнгірт жалтырауын көрсетеді. Пирит, галенит металдық жылтырақ минералдарына жатады. Металл түстес жылтырақ графитке, сфалеритке тән.

2. Металдық емес жылтырақ минералдар.Көбінесе ақшыл түсті боялған мөлдір минералдарға металдық емес жылтыр тән болады. Металдық емес жылтырақ төмендегідей топтастырылады:
Алмазша.Сыну көрсеткіші жоғары минералдарға ең күшті жылтырлық тән болады. Мысалы: алмаз, киноварь.
Шыныша.Шыны бетінің жылтырауын еске салады. Металдық емес жылтырақ мөлдір минералдарға тиісті болады. Сыну көрсеткіші онша жоғары емес минералдарға тән. Мысалы: кальцит, кварц.
Майлы.Беткі қабат майлы үлдір қабықпен қапталғандай жылтырайды. Мысалы: нефелин, сомтума күкірт.
Інжуше.Теңіз бақалшығы бетінің інжуше түрлі түсті құбылуын еске салады. Мысалы: слюда, гипс.
Жібекше.Талшық құрылымды минералдарға тән болады. Мысалы: асбест.
Күңгірт немесе көмескі.Сыну беті өте жұқа кедір-бұдырлы минералдарда байқалады. Мысалы: шақпақтас, балшық.

Минералдың жарық өткізгіштік қасиеті мөлдірлік деп аталады. Осы белгісі бойынша минералдар: кәдімгі шыны тәрізді жарық өткізетін – мөлдір; жарықты күңгірт шыны тәрізді өткізетін – жартылай мөлдір немесе жарық өткізетін; жұқа пластинка түрінде болғанда ғана жарық өткізетін және жарық сәулелерін өткізбейтін мөлдір емес болып бөлінеді.
Англезит-мөлдір минерал,кәріптас-күңгірттеу минерал,молибденит-мөлдір емес минерал.
14. Георонология
Жыныстардың салыстырмалы жасы көлденең жатқан қабаттарды қарау кезінде жеңіл анықталады. Бәрінің астында жатқан қабат ең ежелгі, ал бетіндегі қабат – ең жасы болып саналады. Жыныстардың қалыңдығына қарап салыстырмалы жас ұғымы анықталады.

Палеонтология – организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін және органикалық әлемнің өткенін жаңғыртатын ғылым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет