Физикалық география


Экваторлық климаттық белдеу



бет30/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Экваторлық климаттық белдеу.Экваторлық белдеу ғаламшарымыздың экваторының екі жағында да орналасқан – 5°–8° с. е-тен бастап 4°–11° о. е-ке дейін.
Экваторлық белдеуде жоғары температура үнемі сақталады, қатты жел болмайды және ылғалдың тиімді деңгейі қалыптасады.
Көктемдегі (21-наурыз) және күздегі (21-қыргүйек) күн мен түн теңелетін күні Күн экваторда тас төбеде тұрады да, Жерді қатты қыздырады. Ауа температурасы экваторлық белдеуде тұрақты (+24–28°С).Жауын-шашынның жылдық қосындысы едәуір көп (3000 мм-ге дейін), таудың жел жақ беткейінде жауын-шашын 6000 мм-ге дейін түсуі мүмкін.
Субэкваторлық климат. Субэкваторлық белдеу аумақтары 10-20° с. е. және 10-20° о. е-ке дейін таралады.
Жазда субэкваторлық белдеуде экваторлық ауа массасы, қыста – тропиктік ауа массасы басым болады. Жазда – жауын-шашын көп (1000–3000 мм), орташа ауа температурасы – +30°С. Аумақ адамдардың қоныстануына өте қолайлы. Н.И.Вавиловтың пайымдауынша, субэкваторлық белдеуде мәдени (екпе) өсімдіктердің көптеген түрлері шығарылған.
Тропиктік белдеу жер шарын солтүстік және оңтүстік жартышардағы 20-шы параллельден 30-шы параллельге дейінгі шектегі жерді қамтиды.
Жазда ауа +30°С-қа дейін ысиды. Кейде +45–50°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Қыста ауа қатты суытады, термометр көрсет-кіші жиі 0-ден төмен температура көрсетеді.
Тропикте жауын-шашын аз жауады – жылына 50–150 мм-ден көп емес.
Тропикалық климатты аумақтың мұхитқа жақындығына байланысты екі типке бөлуге болады.
Континенттік:Континенттердің ішкі жағында климат тропиктік ендіктерде ыстық және құрғақ, күн температураларының айырмасы өте жоғары болады. Мұнда атмосфералық қысым жоғары аймаққа таралған. Көпшілік бөлігінде күн райы ашық, бұлтсыз.
Мұхиттық:Жағалаудағы аудандарда және мұхит үстінде әлдеқайда жұмсақ, жауын-шашыны мол, жазы жылы және қысы жұмсақ климат қалыптасады. Субтропиктік климат. Субтропиктік климаттық белдеу – бұл өтпелі белдеу, ғаламшарымыздың Оңтүстік және Солтүстік жартышарында 30 және 40 градус ендіктерінің арасындағы аймақта орналасқан, бұл аумақта 2 ауа массасы бірін-бірі алмастырады.
Субтропиктік белдеуде жазда тропиктік ауа массасы басым болады, қыста жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктің ауа массасы енеді. Субтропикте ыстық, құрғақ жаз (30°С-тан 50°С-қа дейін) және жауын-шашынды суық қыс, тұрақты қар жамылғысы түзілмейді. Жылдық жауын-шашын көлемі – шамамен 500 мм. Материктердің батыс бөлігіне жерортатеңіздік климат тән, Жерорта теңіздік климаты ыстық, ала бұлтты жауын-шашынсыз жаз және салқын, желді және жаңбырлы қыс. Жерортатеңіздік климатта жылдық жауын-шашын мөлшері 450–600 мм-ді құрайды. Жерортатеңіздік климат адам өміріне ерекше қолайлы. Материктердің шығыс жағалауының субтропиктік климаты муссонды.субтропиктік муссонның қысы суық әрі құрғақ, жазы ыстық (+25°С) әрі ылғалды (800 мм) болады. Бұл қыста құрлықтан теңізге қарай, ал жазда теңіздер құрлыққа қарай соғатын және жазда жауын-шашын әкелетін муссондардың әсері түрінде түсіндіріледі. Муссонды субтропиктік климат тек Солтүстік жартышарда, Азияның шығыс жағалауында айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет