Физикалық география



бет38/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

26. Көлдер мен мұздықтар
Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы – шамамен 2,7 млн км2 , Жер бетіндегі көлдердің жалпы ауданы құрлық бетінің 1,8%-ын құрайды. Көлдің қазаншұңқыры – бұл біршама деңгейге дейін су толған құрлық бетіндегі шұңқырлау жер. Қазаншұңқырдың су толған бөлігі арнасы деп аталады.
Байырғы жаға – көл қазаншұңқырын айналасындағы қоршаған
жерден бөліп тұратын жаға беткейі.
Жиегі– көлдің байырғы жағасының жоғарғы шегарасы, іргелес жатқан жер бетімен баурайының түйісу сызығы.
Жағалауы– судың әсеріне тек мерзімді түрде ғана: қатты толқын болғанда, тасқын кезінде және т.б. душар болатын құрғақ бөлікке, көл толқынының әсерінен пайда болған көл табанының саяз жері – суасты бөлігіне бөлінеді.
Жаға қайыры – жағалауының суасты бөлігінен басталып, суасты бөктеріне тіреледі.
Суасты бөктері – көл беткейі мен көл қазаншұңқырының су болған бөлігі
– табаны арасындағы шегара.
Көлдер су теңгерімі бойынша ағынды және ағынсыз болып бөлінеді.
– Ағынды – көбінесе өзен түрінде ағысы бар көлдер түрі;
– Ағынсыз – жер үстінде ағысы жоқ немесе көршілес су жиналатын жерлерге судың жерастынан бұрылуы болмайтын көлдер түрі.
Химиялық құрамыбойынша көл сулары төмендегідей бөлінеді:
– тұщы (1 г/кг-ға дейін);
– ащылау (1-ден бастап 25 г/кг-ға дейін);
– тұзды (25-тен 50 г/кг-ға дейін);
– тұздық (50 к/кг-нан артық).
Тұздық болып табылатын сулар, негізінен жер астында тереңде жатады, алайда өте тұзды көлдер де болады, мысалы, Өлі теңіз.
Көлдердің қоректенуі, яғни судың су айдынына түсуі жолдары бірнешеу:
– ыза сулармен және жерасты суымен қоректену;
– атмосфералық жауын-шашын арқылы;
– көлге өзендер мен жылғалардың суы келіп қосылуынан;
– атмосфералық ылғалдың сұйыққа айналуы арқылы.
Көл деңгейінің ауытқуы маусымдық, жылдық және қысқамерзімді болып, үш негізгі түрге бөлінеді.
Көлдегі су температурасының өзгеру кезеңдері:
1. Көктемгі жылыну кезеңі – көлдегі су температурасы өзгеруінің алғашқы кезеңі – көл суы күн жылуын тікелей қабылдай бастаған, яғни мұз жамылғысының бетіндегі қар еріген сәттен басталады. Көктемгі жылыну кезеңі, көл суының барлық жеріндегі температура 4°С-қа жеткен кезде аяқталады.
2. Жазғы жылыну кезеңі.Көлдегі су температурасы өзгеруінің екінші кезеңі – көлдегі судың беткі қабатының температурасы 4°С-қа жеткен кезден басталады.
3. Күзгі салқындау кезеңі.Көлдегі су температурасы өзгеруінің үшінші кезеңі – су атмосфераға жылу бере бастаған және көлдегі су температурасы біртіндеп төмендей бастаған сәттен басталады. Бұл кезеңде атмосфера температурасы су температурасынан төмен болады.
4.Судың қысқы суыту кезеңі.Көлдегі су температурасы ауа температурасынан төмен болатын, көлдегі су температурасы өзгеруінің төртінші кезеңі. Су температурасы 0°С-қа жеткен кезде, су қата бастайды да, мұз жамылғысы пайда болады.
Еуропа көлдері: Имандра, Сайма, Венерн, Веттерн, Женева, Боден, Балатон, Ладож, Онеж, Чуд, Белое, Ильмень, Охрид.
Азия көлдері: Севан, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Ыстықкөл, Зайсан,Телец, Өлі теңіз, Лобнор, Кукунор, Таймыр, Байкал, Ханка.
Африка көлдері: Альберт, Виктория, Мверу, Ньяса, Рудольф, Тана, Чад, Эдуард.
Аустралия көлдері: Эйр, Герднер, Торренс, Гомункул.
Солтүстік Америка көлдері: Атабаска, Үлкен Аюлы, Үлкен Невольничье, Үлкен Тұзды, Жоғарғы, Виннипег, Гурон, Мичиган, Никарагуа, Онтарио, Эри.
Оңтүстік Америка көлдері: Маракайбо, Поопо, Титикака, Мар-Чикита, Лагоа-Мирин, Патус, Буэнос-Айрес.
Жер бетіндегі мұздықтар табиғи үдерістер барысында маңызды рөл атқарады. Суды жинай отырып, мұздықтар табиғаттағы су айналымына қатысады. Жер шарындағы көптеген құбылыстарға – ғаламшардың жылулық теңгеріміне, мұхит суларының температурасы мен тұздылығына, тау өзендерінің ағысына әсер етеді.
Мұздықтардың пайда болуының алғышарты – жер бедері және климат.
Қардың шегарасы/қардың шегі– атмосфералық жауын-шашынның жинақталуы оның еруі мен булануынан басым болатын биіктік.
Қар шегінен жоғарыда орналасқан мұздық бөлігі қоректену аймағы, ал оның төменгі бөлігі мұз шығын аймағы деп аталады.
Қатқыл атмосфералық жауын-шашын – мұздықтың негізгі қоректену көзі.
Қар шегінен жоғары орналасқан мұздық бөлігі қоректену аймағы,төменгі бөлігі мұз шығын аймағы деп аталады.
Шығын– мұздың еруі, булануы, опырылуы, қарды желдің ұшыруы, мұзтаулардың бөлінуі (Арктика мен Антарктика мұздықтары үшін) жолымен мұздық массасының кішіреюі.
Құрлықта мұздықтар жамылғы және тау мұздықтары болып бөлінеді.
Жамылғы мұздықтар аса қуатты болады және құрлықтың үлкен аумағын жауып жатады, бұған Антарктиданың мұз жамылғысы мысал бола алады.
Қазіргі кездегі мұз басқан ауданның 98,5%-ын жамылғы мұздықтар құрайды. Жамылғы мұздықтың пішіні күмбез немесе қалқан түрінде жалпақ-дөңестеу болады, сондықтан да мұзды қалқан деп аталады.
Мұздық ауырлық күшінің әсерінен жылына бірнеше метрден 200 км-ге дейінгі жылдамдықпен жыл-жуы мүмкін. мұздықтың жылыстауы– арнасы бойынша қоректенуаймағынан мұздықтың шетіне қарай мұздың сырғанауы.
Таудағы қар шекарасының биіктігі тропиктік ендіктерде 5,5-6 км.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет