Ылғалдану зонасы – аумағының ылғалдану коэффициенті бойынша ерекшеленетін құрлық бетінің телімдері. Жер беті ылғалдылығы артық, қолайлы, тұрақсыз және жеткіліксіз зоналарға бөлінген.
Ылғалдылығыартық зона (К>)1 – атмосфералық жауын-шашын булану мүмкіндігіне қарағанда мол түседі. Оларға тундра мен орман тундрасы ландшафттары, қоңыржай, тропиктік, субэкваторлық және экваторлық белдеулер шегіндегі орман ландшафттарының көпшілік бөлігі, сонымен қатар көптеген таулы елдердің орманды және жоғары орналасқан биіктік белдеулері жатады.
Ылғалдылығы жеткіліксіз зона(К<0,1) – атмосфералық жауын-шашын булану мүмкіндігіне қарағанда аз түседі, бұл жерүсті ағысы мен ыза сулардың қалыптасуын қиындатады. Оларға шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафттары жатады.
Ылғалдылығы тұрақсыз зонадаК. (К<1) – жауын-шашын бір-келкі түспейді, құрғақ маусым (құрғақ дала, саванна ландшафттары, муссондар таралуының шалғайдағы облыстары) байқалады.
Ылғалдылығы қолайлы зона(К=1) – атмосфералық жауын-шашынның жылдық жиынтығы, шамамен, оның булану мүмкіндігінің мөлшеріне тең. Жалпақ жапырақты орман, орманды дала, ылғалды саванна ландшафттарын қамтиды.
Табиғат зоналары ендік бағытта созыла орналасқан. Биік зоналылық тау жүйелерінде қалыптасады,Дүниежүзілік мұхитта экологиялық қоғамдастықтың ауысуы жақсы байқалады.
Полюстердің айналасындағы аумақты суық арктикалық (Оңтүстік жартышарда – антарктикалық) шөл дала құрсаулап жатады.
Артикалық шөлдерде тіршілік ететін жануарлар, негізінен, ақ аю, ескекаяқтылар, Антарктидада – пингвиндер.
Арктикалық шөл даланың оңтүстігіне қарай тундра орналасқан; Оңтүстік жартышарда тундра тек кейбір субантарктикалық аралдарда ғана кездеседі. Тундраның мәңгілік тоң басқан топырақтарында мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер мен бұталар таралған.
Тундрада оңтүстікке қарай кішігірім ағаштар өседі (мысалы, аласа қайың), сосын тундра орманды тундрамен алмасады. Тундраның фаунасы жұтаң: солтүстік бұғысы, ақ түлкі, шұбар тышқандар мен сұр тышқандар, сонымен қатар құстар кездеседі. Жәндіктерден маса көп.
Омартқалылардың көпшілігі қыста тундрадан кетеді (қоныс аударады немесе әлдеқайда жылы жақтарға ұшып кетеді. Теңіздер мен мұхиттарға жақын жерлерде орманды тундра мұхиттық шалғынға ауысады.
Орманды тундрадан оңтүстікке қарай қоңыржай зона ормандары басталады; қоңыржай ормандары қылқан жапырақты (тайга), сосын – аралас, және соңында, жалпақ жапырақты болып бөлінеді. Оңтүстік жартышардағы аумақтарды мұхит алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі ормандар Еуразия мен Солтүстік Американың өте үлкен аумағын қамтиды. Тайга зонасының сортаң топырақтарында – қарағай, шырша, самырсын, балқарағай; оңтүстікке қарай емен, шамшат, қайың өседі. Жануарлардан жыртқыштар (қасқыр, түлкі, аю, сілеусін), тұяқтылар (бұғы, қабан), әнші құстар, жәндіктердің жекелеген топтары кездеседі.
Қоңыржай белдеу ормандарын орманды даламен дала алмастырады. Орманды дала және дала зонасының топырақтары қара топырақ пен құба топырақ болып келеді Орманды дала және дала зонасында астық тұқымдастар басым өседі, жануарлардан – кеміргіштер, жыртқыштар (қасқыр, түлкі, аққалақ), жыртқыш құстар (қыран, қаршыға), бауырымен жорғалаушылар (улы сұр жылан, абжылан), қоңыздар кездеседі. Далалық жердің көпшілік бөлігін ауылшаруашылық жерлері алып жатыр. Далалық жер АҚШ-тың орталық батысында, Украинада, Поволжье мен Қазақстанда таралған.
Далалық зонадан кейін қоңыржай шөлейт және шөл(Орта және Орталық Азия, Солтүстік Американың батыс бөлігі – Аргентина) зонасы орналасқан. Шөл дала климаты жауын-шашын мөлшерінің аздығымен, тәуліктік температура ауытқуының жоғарылығымен сипатталады. Шөл далада су айдыны тапшы, тек сирек жағдай-да шөл даланы кесіп, ірі өзендер ағып өтеді (Хуанхэ, Сырдария,Әмудария). Шөл зонасының фаунасы айтарлықтай алуан түрлілігімен ерекшеленеді, көпшілік түрлері қуаңшылық жағдайында тіршілік етуге бейімделген.
Экваторға жақындағанда қоңыржай белдеу аяқталып, субтропиктер келеді. Жағалаудағы белдеуде (Жерорта теңізінің солтүстік жағалауы, Қырымның оңтүстік жағалауы, Таяу Шығыс, АҚШ-тың оңтүстік-шығысы, ОАР-дың қиыр оңтүстігі, Аустралияның оңтүстік және батыс жағалаулары, Жаңа Зеландияның Солтүстік аралы) мәңгі жасыл субтропиктік ормандар таралған ; теңізден қашықта орманды дала(Солтүстік Америкада – шалғынды аймақ), дала және шөл дала (соңғысы – Оңтүстік Аустралияда, Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында, Иран мен Тибетте, Солтүстік Мексика мен ОАР-дың батыс бөлігінде) орналасқан. Субтропиктердің жануарлар әлемінде қоңыржай және тропиктік белдеулерде мекендейтін түрлер аралас кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |