Физикалық география


Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау



бет44/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд

32. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
Адамзат баласының алдында тез арада шешу талап ететін жаһандық экологиялық мәселелер тұр:
• озон қабатының тозуы және озон тесіктерінің пайда болуы нәтижесінде ультракүлгін сәулеленудің күшеюі;
• ғаламшардың кейбір аймақтарында әскери іс-қимылдардың немесе сынақтардың нәтижесінде радиация деңгейінің күрт көтерілуі;
• топырақтың, су мен ауаның зиянды заттармен ластануы;
• табиғи экожүйенің бұзылуы;
• шөлге айналу;
• беткі және жерасты суларының ластануы;
• өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жойылуы;
• табиғатта көптеген заттардың айналымының бұзылуы;
• климаттың өзгеруі және күн райының күрт ауытқуы.
Ғаламдық экологиялық мәселелердің мысалдарының бірі – Арал қасіреті.
Елімізде 10 мемлекеттік қорық, 13 мемлекеттік саябақ,5 мемлекеттік табиғи резерват, 50 мемлекеттік табиғи қорықша, 26 табиғат ескеркіші,5 республикалық маңызы бар ботаникалық бақ жұмыс істейді.
Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Атқаратын қызметі – өзінің аумағындағы табиғи үдерістер мен құбылыстардың шынайы барысын, өсімдіктер мен жануарлар әлемі үдерістерін,өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен топтарын, сақтау мен зерттеу.
Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Биологиялық және ландшафт алуан түрлілігін сақтауға, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылық болып саналатын мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерін табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсатта пайдалануға арналған.
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Жекелеген бірегей, орны толмас, бағалы экологиялық, ғылым, мәдени және эстетикалық тұрғыдағы табиғи кешендерді, сонымен қатар мемлекеттік табиғи-қорық қорының нысандарына жататын шынайы және жасанды нысандарды да қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет